БАСТЫ МІНДЕТ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫН КӨТЕРУ
«Нұр Отан» партиясының Арал аудандық филиалында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуаныш Әбілдаев, Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Марал Байқуатова мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесуде мемлекеттік қызметшілердің этикасы, мүдделер қақтығысын болдырмау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді.
Кездесу барысында Арал ауданы әкімі аппаратына қарасты дербес бөлімдер мен ауылдық округтер мамандары жұмыс барысында кездесетін проблемалық мәселелер жайлы айтып, олардың сауалдарына жауаптар берілді.