ДЕПАРТАМЕНТТЕР БІРЛЕСІП ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ
Қызылорда облысының Әділет департаменті мен ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірлесіп «Коммерциялық, банктік және басқа да заңмен қорғалатын құпия мәліметтерге қол жеткізу жағдайында сот орындаушыларының әділдігін қамтамасыз етудің проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Онда мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың түрлерін анықтау, мемлекеттік сатып алуда жең ұшынан жалғасуды болдырмау жолдары талқыланды.
Шараға аталған департаменттер қызметкерлері мен жеке сот орындаушылары үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында атқарушылық іс жүргізу, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету туралы кеңінен айтылды.
Сондай-ақ, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тек мемлекеттік қызметте ғана емес сонымен бірге, жалпы қоғамда қалыптастыру қажеттігі жөнінде өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.