БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Бүгін Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында «Латынға көшу уақыт талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға ұжым қызметкерлері қатысып, Елбасы бастамашы болған мәселе жайлы ойларын білдірді.
Кітапханашылар латын графикасының ең алдымен қазақ тілінің тазалығын сақтаудағы маңызына тоқталды. Сонымен қатар, латынға көшу арқылы жаңа технологияларды игеру жеңілдей түсетінін жеткізді.
Шара соңында ұжым мүшелері жаңа бастаманы бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.