БОЛАШАҚТЫҢ АЙҚЫН БАҒДАРЫ
Шара барысында хабарлама жасаған кітапханашы А.Мергенбаева латын әрпіне көшу ең алдымен уақыт талабы екендігін жеткізді. Сонымен қатар ол заманауи технологияны тез игерудің жолы.
Ең үлкен ұтысымыз – латын қарпі арқылы қазақ тілінің әуезділігін сақтап қаламыз. Жаңа алфавит тіл тазалығын сақтаудың бір жолы.
Шараға қатысушылар рухани жаңғырудың өзегіне айналған бастама жайлы ойларын ортаға салды. Шара соңында «Латын іләпбиіне көшу-болашақтың бағдары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.