ИГІЛІККЕ АЙНАЛАТЫН ИДЕЯ
Қармақшы аудандық балалар кітапханасында «Латын әліпбиі - заман талабы» атты шара өтті. Мекеме меңгерушісі А.Аманова жүргізген кітапхана сағатында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі талқыланды. Ұжым мүшелері жаңғыруға негіз болатын реформа жайлы ойларын білдіріп, пікірлерін айтты.
Жиын соңында кітапханашы Ж.Ұзақбаева қатысушыларды «Ұлттық әліпби халқымыздың игілігі» атты кітап көрмесімен таныстырды.