ЕРТЕҢГЕ ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» «Мемлекеттік басқарудағы жоба менеджменті» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар аясында бүгін «Латын әліпбиі – уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған 21 мемлекеттік қызметші қатысты. Шарада Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.Абасилов қатысушыларға қазақ алфавитін латын графикасына көшірудің маңызы туралы айтып берді.
Ғалыммен пікіралмасу барысында мемлекеттік қызметшілер де жаңа бастама жайлы ойларын білдіріп, оны жүзеге асыруға атсалысатындықтарын жеткізді.