ДЕПАРТАМЕНТ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Азаматтық бақылау жобасы аясында облыс әкімдігінде «Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердегі сыбайластықты жою механизмдері» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шарада департаменттің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Т.Нұртаев, сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Изкенов хабарлама жасады.
Дөңгелек үстел жұмысын департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаев қорытындылады.