ОБЛЫС СУДЬЯЛАРЫ АРАСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облыстық сотында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаевтың төрағалығымен "Экология заңнамасын қолдануда туындайтын мәселелер" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аймақтық оқу орталығы ұйымдастырған шараға судьялар, прокурорлар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Ә.Шығамбаев экология заңнамасын қолданудағы даулар жайлы тарата айтып, әкімшілік және азаматтық істерді қарау барысында экологиялық заңнамалардың дұрыс қолданылуына назар аударуды сұрады.
Бұдан кейін баяндамашылар Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы 3.Жарылқасынова, Қызылорда қалалық сотының судьясы Г.Мырзатаева, Қызылорда қаласының әкімшілік сотының судьясы С.Утегенова, Қызылорда облысының экология департаментінің мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Б.Баймаханов, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Т.Досмайлов экологиялық заңнаманы қолдану барысындағы туындайтын мәселелер бойынша хабарлама жасады.
Дөңгелек үстел барысында экологиялық заңнамаларын колдану бойынша сот тәжірибесінің мәселелері, жургізілген тексеру нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тарту кезінде туындайтын даулар, әкімшілік істерді қарауда экологиялық заңнаманы колдану туралы азаматтық істерді қарау кезінде туындаған мәселелер талқыға түсті.
Дөңгелек үстел катысушылары экологиялық- заңнаманы қолдануда туындайтын дауларды шешу мақсатында тұрақты түрде шолу жасауға және олар бойынша кемшіліктерді болдырмау үшін бірлесе жұмыс жасау туралы ұсыным әзірледі.