КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
Жолдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мен оларды төмендету мақсатында Көліктік бақылау инспекциясының жылжымалы көліктік бақылау бекетіне қоғамдық мониторинг жүргізілді. Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, Нұр Отан партиясының облыстық филиалы және қоғамдық ұйым өкілдері, сонымен қатар көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері қатысты.
    Мониторинг барысында 6 отандық, 18 шетелдік жүк көліктері тоқтатылып, бекет қызметкерлерінің жұмыс сапасына қатысты жүргізушілер арасында сауалнама жүргізілді.
    Сондай-ақ, топ өкілдері жылжымалы бақылау бекеттерінің жұмысымен танысып, жүргізушілер тарапынан түскен пікір-ұсыныстарын тыңдады.
    Қоғамдық мониторинг нәтижесімен жылжымалы көліктік бақылау бекетінің қызметінде анықталған кемшіліктер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша инспекция басшысына тиісті ұсыныстар жолданды.








		
		


















