Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕС - ОРТАҚ ІС

СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕС - ОРТАҚ ІС


    Теміржол саласында сыбайлас жемқорлық сипатындағы көріністерді болдырмау және оны алдын алу мақсатында «Нұр Отан» партиясының «Теміржол» филиалының жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ іс» тақырыбында өткен отырысқа Қызылорда көлік прокурорының орынбасары Ғабит Тілеубаев, Қызылорда стансасының ІІЖБ-нің инспекторы, полиция капитаны Қаламқас Шаханова, Қызылорда теміржол бөлімшесінің мекеме және бөлім басшылары қатысты. Жиын барысында тасымалдаудың тиімділігі мен сапасын арттыруда құқық бұзушылыққа, заңсыздыққа, сыбайластыққа жол бермеуде жасалған біршама жұмыстарға тоқталды.
    Қызылорда көлік прокурорының орынбасары Ғабит Тілеубаев сыбайлас жемқорлықты алдын алу, болдырмау мақсатында поездардың әрбір вагондарына видео тіркеуіш орнату қажеттігін айтып, кеңес отырысындағы қаралған мәселелерді тиісті мекеме басшыларына ұсыныс ретінде беру қажеттігіне тоқталды. Ал Қызылорда стансасының ІІЖБ-нің инспекторы Қаламқас Шаханова теміржол бойында құқық бұзушылық пен заңсыздық әрекеттерге жол бермеуде ролик түсіріп, оны теміржол бойында орналасқан мектептерге көрсету, әлеуметтік желі арқылы жариялау жөнінде ұсынысын білдірді.

31 қазан 2017 ж. 909 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области