МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІ ҚАЗАЛЫДА БОЛДЫ
Жуырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметі істері департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Абзал Мұхимов бастаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық – түсіндіру мобильді тобы аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазалы ауданының активімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында А.Мұхимовпен бүгінгі күні елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау шаралары жөнінде әңгіме қозғалып, сөз соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.
Қазіргі таңда, үкіметтік емес ұйымдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қосар үлесі зор. Сол себепті, арнайы мониторингтік топтың басшысы А.Ізден сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 арналған стратегия аясында атқарылған шаралар мен алдағы уақытта жүктелген міндеттер туралы хабарлама жасады.
Осы кездесу аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жалпы кездесетін проблемалық мәселелер талқыланып, өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.