ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен Ұлттық бюроның жеке құрамының қатысуымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Т.Кесебаевамен кездесу шарасы өткізілді.
Іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев кіріспе сөзімен ашты.
Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Қарымсақов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.Ниязовтар баяндама оқыды.