Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАП, ҮНДЕУІНЕ ҮН ҚОСАЙЫҚ

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАП, ҮНДЕУІНЕ ҮН ҚОСАЙЫҚ

Қол жетімді баспана, жастарды сапалы біліммен және жатақханамен қамтамасыз ету, шағын несилендіруді дамыту, көгілдір отынмен қамту, жалақысы төмен адамдардың салық түсімін азайту. Міне Елбасының қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған бес бастамасы осы.
  Бұл жеңілдіктер болашақта үлкен жемісін, жетістігін берері сөзсіз. Жақсы білім алуды, баспаналы болуды армандамайтын адам жоқ. Еліміз үшін тағы бір байыпты бастама «7-20-25» бағдарламасы. Енді жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендетілген пайызбен тұрғын үйге қол жеткізе алады және несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 25 жылға дейін ұзартылатын болады. Бұл бағдарлама ең әуелі қарапайым халық үшін тиімді болмақ.
  Тағы бір айта кететін жағымды жаңалық 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 1 айлық табысы 60 мыңнан төмен азаматтардың салық түсімі азайтылады. Бұл еліміздің барлық жалдамалы жұмыскерлердің кемінде 1/3. Яғни, 2 млн.нан астам азаматтардың жалақасы көбейеді деген сөз. Елбасының бұл бастамасы табысы төмен азаматтардың мүддесін қорғауға бағытталып отыр. Аталған бастама кәсіпкерлер үшін жалдамалы жұмысшылардың нақтылануына яғни тіркелмей жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің саны мен одан түсетін салық соммалардың нақтылануына, жұмыскерлердің әлеуметтік жағынан қамтылуына берген үлкен мүмкіндік деп есептейміз.
  Сондай-ақ, Елбасы биылғы Жолдауында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он саланы тізіп, нақтылап айтып берді. Қазақ елі индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеру – басты міндет. Цифрландыру қазақстандықтардың ілгерілеудің жаңа нақты ахуалдарына сәтті навигациялануы мен бейімделінуінің қажетті алғышарттары болып табылады.
  Мәселен, электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету. Ел онлайн қызметті пайдалану арқылы уақыт үнемдейді. Біз әлі де болса, халыққа цифрлы қызмет көрсетудің тетіктерін жетік түсіндіруіміз қажет. Көпшілікке жаңа жүйелердің жетістіктерін күн сайын жедел насихаттап отыру өте маңызды. Ақпарат жеткілікті болса, әркім өзіне қажет мәліметті дер кезінде ала алады.
Қазақстан халқына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету - азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды көрінісі.
  Дүниежүзінің дамыған елдеріндегідей елімізде «Қызмет көрсетудің біртіндеп электронды саласына көшу бағытында мемлекеттік органдардың электрондық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан. Электронды қызмет көрсету – қазіргі уақыттағы заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал» жүйелері арқылы электронды түрде жүргізілуде.

А.Махамбетов,
Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары, ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.


04 сәуір 2018 ж. 700 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области