Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ – МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ


Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауының әрқайсысының замандық тұрғыдан алғанда өзіндік маңызы зор. «Төртінші өнеркәсіп жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдаудың аса бір ерекшелігі – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді арттыру.
  Мемлекеттік қызметті көрсетуді оңтайландыру, тез әрі сапалы көрсетумен қатар, жемқорлық көріністерін алдын алу.
  Облыстық әділет департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бірі – сот актілері негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау.
  Сот актілерін орындауға ұсыну Халыққа қызмет керсету орталықтары арқылы немесе әділет департаментіне тікелей ұсынуға болады. Ал, соттар әділет департаментіні «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы тікелей келіп түседі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін барынша оңтайландырылу мақсатында қызмет алушылардың құжаттарын қабылдауы электрондық түрде жүзеге асыру басты міндетіміз болып саналады.
  Атқарушылық құжаттарды жедел орындау, сот орындаушыларына жүктемені төмендету және сот актілерін орындаумен байланысты құжат айналымын қысқарту бойынша міндеттерді шешу мақсатында министрлік 2015 жылы жаңа атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – АІЖО ААЖ) енгізді. Жүйені әзірлеу барасында іс жүргізушілердің, сот орындаушыларының, оның ішінде жеке сот орындаушылары үшін де автоматтандырылған орындар құрылды, онда көрсетілген тұлғалар заңнамаға сәйкес барлық негізгі процессуалдық әрекеттерді автоматтандырылған режимде жүзеге асырады.
  Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына ҚР ӘМ АІЖО ААЖ мен ҚР БП ҚАО ААЖ интеграциялау арқылы мемлекеттік органдардың 52 сервисіне қолжетімділік ұсынылды. Нәтижесінде борышкердің мүліктік жағдайы туралы ақпаратты алу жеделдігі қамтамасыз етілуде.
  Атқарушылық құжаттарды соттардан электрондық форматта алу және сот орындаушыларының қаулыларын соттардың электрондық санкциялауы бөлігінде АІЖО ААЖ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Төрелік» ақпараттық жүйесімен интеграцияланды. Оны (қаулыларды) ішкі істер органдарынан электрондық форматта алу бөлігінде ҚР ӘМ АІЖО ААЖ ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланды.
Атқарушылық құжаттарды орындамайтын борышкерлерге елден шығуға шектеуді уақтылы қою шараларын қабылдау үшін «АІЖО ААЖ» ҚР ҰҚК «Бүркіт» БАЖ интеграцияланды, ол арқылы борышкерлерге автоматты түрде ҚР шығуға уақытша шектеу қойылады.Тыйым салынған мүлікті есепке алуға және өткізуге қатысты АІЖО ААЖ электрондық сауда-саттық алаңымен интеграцияланды, ол арқылы оны одан әрі сауда-саттықта өткізу жүргізілуде.
  Мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысқан, бірақ орындалмаған атқарушылық құжаттары бар және деректері борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тіркелген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерінен автоматты түрде бас тарту бөлігінде АІЖО ААЖ ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйесімен интеграцияланды.
  Атқарушылық іс жүргізудің қатысушылары үшін АІЖО ААЖ-да атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинеті іске асырылған, онда интернет-ресурсы мен элекрондық-цифрлық қолтаңба арқылы тараптар лауазымды тұлғалармен байланыспай, құжаттардың орындалу барысымен таныса алады. Сонымен қатар, Министрлік шығуға шектеуді автоматты режимде алу рәсімін одан әрі жеңілдету шараларын қабылдауда.
  «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 2-тармағына сәйкес борышкер төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі және АІЖО ААЖ интеграцияланған төлем жүйелері арқылы жүзеге асырған жағдайда, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату электрондық түрде түзіледі және мәжбүрлеп орындату шаралары автоматты түрде тоқтатылады.
Министрлік «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның жоғарыда көрсетілген нормасын іске асыру мақсатында және борышкерге мемлекеттік шекарадан өту орындарында және ҚР қалаларының қоғамдық жерлерінде кассалық қызметтер мен терминалдар арқылы берешегін төлеу мүмкіндігін беру мақсатында атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын, оның ішінде шығуға уақытша шектеуді автоматы түрде алу үшін атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек төлемін қабылдау сервисін әзірлеп, іске қосты. Сонымен қатар, алдағы 10 маусымнан бастап IOS және Android базасындағы мобильдік қосымшалардың көмегімен онлайн төлеу функционалы іске асырылатын болады.
  Аталған функционал арқылы әрбір азамат идентификатор ретінде өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп немесе оны кассалық бөлімнің қызметкеріне хабарлап, берешегі туралы мәліметті алып, мерзімді өндіріп алу берешектерін (алиментті өндіріп алу және залалды өтеу), сондай-ақ мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжат талаптарын (мәжбүрлеу, міндеттеу, қоныстандыру, көшіру) қоспаған, сол жерде төлей алады, бұл ретте жүйеде автоматты түрде қамтамасыз ету шараларын, оның ішінде шығуға шектеулерді алу туралы қаулы жасалады.
  Кассалық қызметтер мен терминалдар арқылы төленген берешектер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс шығуға уақытша шектеуді автоматты түрде алу 2015 жылғы 1 шілдеден кейін қойылған және сот орындаушыларының орындауындағы шектеулер бойынша ғана жүргізілетін болады.
  Сонымен қатар, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес «Қазпочта» АҚ терминалдарында берешек төлемін қолма-қол нысанында қабылдау бойынша 2 000 000 теңгеге дейінгі мөлшерде шектеу белгілеген.
  Қазіргі уақытта «Қазпочта» АҚ терминалдары Қазақстанның 9 қаласының әуежайларында орнатылды. Мұндай терминалдарды бүкіл республика бойынша орнату жоспарлануда. Бұдан бөлек, алдағы уақытта терминиалдарды «Хоргос», «Қордай», «Жаңажол» секілді мемлекеттік шекараларда қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің төлем жүйелерімен және бакнтоматтар арқылы борышкерлер өз берешектерін өтеу мүмкіндігі қаралуда.
  Аталған міндеттің іске асырылуы шығуға уақытша шектеулерді жедел алу және шағымдар саны мен азаматтар құқықтарының бұзылуын қысқарту мүмкіндігін берді.
Борышкерлер өз берешектерін банкілік карталары арқылы төлеу үшін, 10.06.2017 жылы IOS және Android (смартфондар) базасында мобильді қосымша арқылы онлайн режимде төлеу функционалы іске қосылды.
Сот орындаушыларының екінші деңгейдегі банктермен (бұдан әрі - ЕДБ) өзара іс-қимылын электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде Министрлік Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрлігімен және «БанкЦентрКредит» АҚ (бұдан әрі - БЦК) бірлесіп сот орындаушыларының шоттар туралы мәліметтерді алу және ақшалай қаражаттарды есептен шығару жөніндегі қаулыларын электрондық форматта екінші деңгейдегі банктерге орындауға автоматты режимде жіберу сервистерін әзірлеу бойынша техникалық жұмыстар жүргізуде.
Қазіргі уақытта бағдарламалық жасақтамаға талаптар ерекшеліктері әзірленіп бекітілді, онда ақпараттық өзара іс-қимылдың барлық алгоритмі сипатталған. Электрондық форматта шоттар туралы сұрау салу және шоттарға тыйым салу/алу бойынша функционалдарға тестілеу сынақтары жүргізілді. Аталған функционалдың жұмысын тексеру үшін 10 шілдеден бастап республика бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Т.АБДИЕВ,
Қызылорда облысының әділет департаментінің бөлім басшысы
27 наурыз 2018 ж. 652 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области