Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бұл – халық таңдауы

Бұл – халық таңдауы

Kyzylorda-news.kz. Кешегі өткен ҚР Президент сайлауы үлкен саяси науқан болды. Елдің болашағы мен жастардың келешегін сенімді адамға тапсыру қажет болса, халық сол таңдауды жасады. Әрине бұл дұрыс таңдау болды. Елдің кемел келешегі үшін жасалған бұл таңдау халықтың тілегі деп ойлаймын.

Күні кеше өткен сайлауда халықтың дені Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бергенін аңғардық. Мен басқарып отырған мектепке қарасты сайлау учаскесіне 2167 сайлаушы бар болатын. Осының 75-78 пайызы яғни, 1672 сайлаушы қатысты. Олардың 68 пайызы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдіріп, дауыс берген болатын. Жалпы, №264 мектеп сайлау учаскесіне қарасты сайлаушылар бұл саяси науқанға жоғары белсенділік танытты. Таңертеңгі 10.00-ге дейін сайлаушылардың 42 пайызы дауыс беріп үлгерді. Сонымен қатар Италия, Ирландия және Ресей мемлекеттерінен бақылаушылар келіп қатысты. Сайлау әділ өтті.
Бұл сайлау арқылы халық өзінің таңдауын жасап Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдірді. Ел мүддесін ойлаған азаматқа дауыс бере отырып, жұртымыз өзінің келешегіне маңызды қадам жасады. Біз еліміздің болашағы жарқын боларына сенеміз.
Ұлбосын МАХАНОВА,
№264 Текей Есетов атындағы мектеп-лицей директоры
10 маусым 2019 ж. 673 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области