Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бақытхан Абдикаримов: Білім саласына жаңаша бетбұрыс жасалады

Бақытхан Абдикаримов: Білім саласына жаңаша бетбұрыс жасалады

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Халқымызды толғандыратын барлық мәселелер бізге белгілі. Осыған орай, ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр. Бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын!», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі екендігін баса айтты. «Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік» дегенін білесіздер. Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді. Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор табысқа жетеді деп сенемін! Баршаңызға амандық, табыс тілеймін», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің бұл сөзі баршамызды қанаттандырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керектігін жеткізді.
«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Президент өз сөзінде 2020 жылы волонтерлар жылы болатынын еске салды. «Маңызды міндеттердің бірі – жастар мен студенттерді ерікті жұмысқа тарту, оларға белсенді өмірлік позицияларды сіңіру. Бұл – азаматтық қоғамдық бекемдеуде жұмысымыздың маңызды бөлігі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Түлектерін жұмыспен қамти алмайтын жоғары оқу орындарының санын қысқарту мәселесін қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отыр. Сондықтан олардың санын қысқарту мәселесін қарастыру керек», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президентінің атап өтуінше, терең білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміздің де бар екендігі жасырын емес. «Бірінші кезекте соларға тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз», - деді Тоқаев. Бұл да бүгінгі күннің өзекті мәселесі деп ойлаймын. Жолдауда елбасы «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қаржыландыру 20 млрд теңгеге жеткізіледі.
«Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе - ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы», - деді Мемлекет басшысы. Сондықтан Қазақстан Президенті «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажеттігін айтты. «Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсыратындығын айтты. Бұлда бүгінгі жас мамандарға қолдау деп білемін. Жас маман жобасының да қолдауға ие болғандығы айтуға тұрарлық жаңалық. Аталмыш жобаны іске қосу үшін Тамыз конференциясында Президент Үкіметке нақты тапсырма берді.
«Техникалық және кәсіптік білім беру саласы қай бағытта қозғалып бара жатқанын түсінген абзал. «Жас маман» жобасының да баяу қадаммен жүзеге асып жатқаны алаңдатады. Аталған жобаны іске асыру механизмі толық жүргізілмеген. Мамандықтар тізімі бекітілмеген. Аталған жобаны іске қосу үшін Үкімет бұл ретте тиісті шараларды қабылдауы тиіс. Нақты мерзімдерді атап, нақты әрекет алгоритмдерін ұсынуы керек», - деді Президент.
Президент: «Білім саласына қатысты тағы бір мәселе – қаржыландырудың біркелкі болмауы және өңірлік басқарудың қазіргі жүйесінің тиімсіздігі. Білім бөлімдерін басқару және бюджет қаржысын әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру керек. Білім берудің барлық деңгейінде дербес қаржыландыру тәртібін енгізу қажет», - деді.
Иә, Жолдауда аталған келелі міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін бүкіл қоғамның тас-түйін бірлігі мен ынтымағы қажет. Еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін баршамыз іске жұмылуымыз керек.

Бақытхан АБДИКАРИМОВ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы,
физика-математика ғылымдарының докторы, профессор
02 қыркүйек 2019 ж. 509 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области