Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Үміт Медеуова: Мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту – ақжолтай жаңалық

Үміт Медеуова: Мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту – ақжолтай жаңалық



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына арнаған алғашқы Жолдауында мәдениет саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету керегін баса айтты.
Үкіметке келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуге тапсырма беруі, енді білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілетіндігі туралы жаңалық біздің – өнер иелерінің мерейін өсірді. Президент елдің рухани құндылығының артуына еңбек сіңіретін кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту мәселесіне де назар аударды. Бұл аталған саладағы кәсіп иелерінің беделін арттырып, сапалы кадр қалыптасуына әсер ететіні белгілі.
Еліміз құндылығы мол қазақы мәдениетті қалыптастырған, өнерлі, өнегелі жандарға ерекше көңіл бөлген. Президенттің стратегиялық маңызды құжатта мәдениет қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына баса мән беруі руханиятқа деген айрықша қолдауы деп білемін.

Үміт МЕДЕУОВА,
«Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, облыстық филармонияның әртісі
04 қыркүйек 2019 ж. 668 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области