ӨНЕРПАЗДАР ТӨРГЕ ОЗДЫ
Қармақшы ауданында мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында аудан әкімі Сұлтан Мақашов мәдениет майталмандарын қабылдады. Айналасын думанға бөлейтін, сан қырлы талантқа ие, өз ісінің майталманы болған азаматтар қашан да болса елеусіз қалмайды. Себебі, рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуына қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор.
Бүгінде өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп жүрген өнер адамдары көп. Солардың бірі Зейнегүл Сүгірова, Бидас Рүстембеков, Бимұрат Смайылов, Ордабай Төребаев, Мұстахим Ахметов, Нұршат Наурызбаева, Бағия Сармолдина, Тимур Леденев, Роза Кенжеғұловаға аудан әкімінің алғыс хаты табысталып, сыйлықтар тарту етілді.
Жиында мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылды. Сондай-ақ, өңіріміздің өнер саласының майталмандары әсем әнін шашу етіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.