Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ольга Шин: Қазақ халқы қонақжайлылығымен ерекшеленеді

Ольга Шин: Қазақ халқы қонақжайлылығымен ерекшеленеді

Kyzylorda-news.kz. Соғыс жылдарында менің ата-анам да, корей отбасыларымен бірге Қиыр Шығыстан Сібірге - Краснояр өлкесіне, Хакас автономиялық республикасының Черногор қаласына жер аударылған болатын. Әжем өз әңгімесінде оларды олардың осы жаққа дейін қалай жеткендігі жөнінде, ызғарлы суықтың кесірінен жол үстінде туыстарының ауырып, суық пен аштықтан қайтыс болғандығын айтып отыратын. Мен сол әңгімелерді ешқашан ұмытпаймын.

Менің туыстарым соғыстан кейінгі уақытта, Қазақстанға қоныс аударғанға дейін көп қайғы-қасірет шеккен еді. Әкем үнемі жаман халық болмайды, тек озбыр билік болатынын айтатын. Ол әрқашан «Қазақ елінде өмір сүріп жатқанымыз – біздің бақытымыз» деп айтып отыратын.
Уақыт өте келе, есейген сайын ата-анамыздың айналадағы адамдар туралы айтылған пікірін жиі еске аламыз. Менің де ата-анам үнемі қазақ халқына сыйластығы мол екенін, ерекше ілтипатпен қарайтынын айтып отыратын. Оған, әкемнің мына сөздері дәлел болмақ. «Қай қазақтың үйіне барсаңда, ол сені құшақ жая қарсы алады. Сен аш қалмайсың» деп айтып отыратын. Расыменде, қазақ халқы өзінің қонақжайлығымен ерекшеленіп тұрады. Сондықтан да болар халық Ассамблеясы тек Қазақстанда ғана бар. БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибесін жаһандық деңгейде зерделеуді ұсынды.
1 наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні көктемді осындай тамаша дәстүрде бастағанымыздың символдық мәні бар. Осы күні біздерге құшағын жайған қазақ халқына айтар алғысымыз көп. Біздің елімізде ешқашан соғыс пен ұлтаралық қақтығыстар болмасын, бейбітшілік пен достықтың туы желбірей берсін.

Ольга Григорьевна Шин,
Н.Илялетдинов атындағы №169 орта мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі директоры
26 ақпан 2020 ж. 12 816 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области