Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАНЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

ҚАЗАҚСТАНЫМ – МАҚТАНЫШЫМ


    Саламатты өмір салтын ұстану, оны келешек өскіндерге насихаттау – менің басты қағидаларымның бірі. Соңғы 18 жылдан бері мен мектеп оқушыларын спорт және дене шынықтыру пәніне баулып келемін. Қармақшы ауданындағы біздің тұрып жатқан ауылымыз – көпэтносты. Мұнда бірнеше ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Барлығы татулықтың уызына ұйып, бейбіт ғұмыр кешуде.
    Қазақстан – менің туған Отаным. Осы топырақта дүниеге келгенмін. Тіпті, менің әке-шешем де осы жерде туған. Анам Галина мен әкем Павел бірі ұстаздық етіп, зейнеткерлікке шықса, бірі шаруашылықта механизатор болып жұмыс жасайды. Атам Григорий мен әжем Анастасия қазақ жеріне Қиыр Шығыстан 1937 жылдары депортацияланып келген. Содан бері біздің әулеттің тағдыры Қазақстан халқымен етене байланысып келеді. Осы қасиетті топырақта өстік-өндік. Жолдасым Сергей Киммен Юлия, Валерий есімді ұл-қыз өсірудеміз. Қызымыз жоғары білімді экономист.
    Өзге этнос өкілі болсақ та жанымыз, жүрегіміз қазақ халқымен бірге. Бір үйдің баласындай болып кеткенбіз. 80 жылға жуық уақыт қазақ ұлтымен жасасып келеміз. Татулық, бірлік – жасампаздық өркен жайған Отанымызда жайсыздықтарға жол жоқ. Қанша жыл бірге тұрсақ та арамызда өкпе-реніш орын алған емес. Қазақ елінің жомарттығы, кеңдігі бізді ғана емес, әлем жұртшылығын да мойындатып отырғаны тарихи шындық. Бейбіт аспанымыздың күні жоғарыдан жарқырай берсін. Қазақстан халқы жасасын!
    Ольга КИМ,
    Қармақшы ауданы,
    ІІІ Интернационал ауылы,
    №108 орта мектептің
    денешынықтыру пәнінің мұғалімі.

28 ақпан 2018 ж. 1 012 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области