Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕНІҢ ОТАНЫМ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

МЕНІҢ ОТАНЫМ – ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы міндеттерді жүзеге асыруға орай қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп – лицейде «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында 8 сынып оқушылары арасында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
     Білімді ұрпақ өз елін әлемге танытады. Оның ішінде көп тіл білгеннің өрісі кең екені тағы белгілі. Сондықтан да Елбасы бастамасымен елімізде   үштілділік саясаты кеңінен насихатталуда.
    ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған ашық тәрбие сағатында да оқушыларға осы тақырыпқа байланысты мәліметтер айтылып, сұрақ – жауап түрінде сұхбат жүргізілді.
    Сондай-ақ, оқушылардың жасаған қолөнер бұйымдарынан «Тәуелсіздік жаңғырығы» тақырыбында қолөнер шеберлері көрмесі ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар балалардың «Тәуелсіз ел болу – арманы» тақырыбындағы туындыларын да тамашалады.   


11 желтоқсан 2017 ж. 1 867 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области