РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ЖАСТАР ЖЕТІСТІКТІ ЖЫРЛАЙДЫ
Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Туған өлкем, неткен көркем» атты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды.
Шараға қаламыздағы №2, №3,№7,№11,№12,№ 15,№101 және Қазалы ауданындағы №216 мектептерден барлығы 15 үміткер қатысты.
Отанға деген сүйіспеншілікті, еліміздің жетістігін, елдегі басты байлық – бірлік пен татулықты жыоға қосқан жастар жұртшылықтың ықыласына бөленді.
Олардың өнеріне Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Қатира Жәленова бастаған қазылар алқасы баға берді.
Талаптылар жыр оқыған кеште бас жүлде Қазалы ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Төлеш Нұрболатқа бұйырды. Бірінші орынды №2 «Мұрагер» мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы Ернұр Маханбетжанов, екінші орын жүлдесін №7 орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы Ғабит Дінмұхаммед пен М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейдің 7 «Ә» сынып оқушысы Манас Әмірхан алды. Ал үшінші орынға №11 мектеп-лицейдің оқушылары Шаттық Амангелді, Олжас Азизов пен Әли Мүсілім атындағы №101 мектеп-лицейдің 9 «Ә» сынып оқушысы Аружан Тілесхан ие болды.