ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ: ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ФИНАЛҒА ӨТТІ!
2017 жылдың 10-12 қараша аралығында Астана қаласында өткен «Енші» зияткерлік-танымдық телевизиялық жобаның іріктеу турларына Қызылорда қаласы бойынша алғашқы 3 оқушы шақырылған еді.
Олар: «Мұрагер» мектебінің 11 сынып оқушысы Ақпан Дінмұхаммед, №3 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Аппаз Алмас және №136 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Жорабаева Арайлым.
А.Дінмұхаммед пен А.Алмас жартылай финалдан мықты ойыншы атанып, «Енші» зияткерлік-танымдық телевизиялық жобаның финалына жолдама алды.
Жетекшісі «Мұрагер» мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Қорабаева Дина.
Оқушыларымыз биіктен көріне берсін!!!