Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАҢҒАЖАЙЫП КІТАПТАР ӘЛЕМІ

ТАҢҒАЖАЙЫП КІТАПТАР ӘЛЕМІ


    Өскелең ұрпақтың кітап оқу үрдісін дамыту, шығармашылыққа баулу, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Таңғажайып кітаптар әлемі» атты көрме сайысының қорытындысын өткізді.
    Бұл сайыс үстіміздегі жылдың 15 наурызынан бастап 15 қараша аралығында ұйымдастырылған болатын. Сайысқа 10 жас пен 14 жас аралығындағы оқырмандар қатысты. Сайыстың басты шарты – көрмеге қойылған кітаптардың барлығын оқып, кітап жайында өз пікірлерін сауалнама арқылы білдіріп, әрбір оқыған кітабы жайында жарнама дайындау болатын. Сайысқа қаламыздағы мектептерден 45 оқушы қатысты.
    Сайыс нәтижесі бойынша жүзден жүйрік жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, №12 І.Қабылов атындағы орта мектеп оқушысы Серік Назым I-дәрежелі дипломмен марапатталды. Аталған мектептің 5 сынып оқушысы Ақбота Әбділхамитова   II- дәрежелі, Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінің 5 сынып оқушысы Ақбота Көпжасарқызы III-дәрежелі дипломмен марапатталды.  №12 І.Қабылов атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Разия Жүсіп «Кітапқұмар», Әли Мүсілім атындағы №101 мектеп-лицейдің 9 сынып оқушысы Аружан Серікбай «Ең үздік оқырман», №101 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Томирис Ибрагим «Кітап оқудың көшбасшысы» номинацияларына ие болды.
    Сайыс жеңімпаздарына кітапхана әкімшілігі атынан сыйлықтар берілді.

04 желтоқсан 2017 ж. 1 408 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области