Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СҰЛТАНМАХМҰТ МҰРАСЫН НАСИХАТТАДЫ

СҰЛТАНМАХМҰТ МҰРАСЫН НАСИХАТТАДЫ


    Жыл басында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары таңдап алынған болатын. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған...» Алаш ардақтысы Сұлтанмахмұттың өлмес мұраларын дәріптеу, насихаттау мақсатында 24 қазанда А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектепте «Сұлтанмахмұт мұрасы: тарихы мен тағылымы» атты 9-10 сынып оқушылары арасындағы қалалық конференция өткізілді. Конференция әсем әнмен ашылып, №211 мектептің өлеңсүйер оқырмандары ақынның «Шәкірт ойы» өлеңін оқыды. Сұлтанмахмұттың шоқтығы биік туындыларының бірі «Қамар сұлу» романы өнерпаз оқушылардың қойылымында сахналанып, көрермен жүрегіне жол таба білді.
    Конференцияға қала мектептері бойынша 22 оқушы қатысты.
    Қазылар алқасының шешімі бойынша жүйріктер арасынан оза шапқандар анықталып, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
    10-сыныптар бойынша І орынды №211 мектеп оқушысы Ә.Нұртілесова, 9-сыныптар бойынша І орынды №264 мектеп-лицей оқушысы Айназым Нағашыбай  иеленді.

25 қазан 2017 ж. 971 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области