Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛҒАН ШАРА

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛҒАН ШАРА


    А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық білім бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Білім. Ұстаз.Болашақ» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
    Аталған іс-шарада жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде және білім саласын дамытуға үлес қосқан үздіктер марапатталды.
    Жуырда республикалық «Үздік педагог -2017» байқауының жеңімпаздары анықталған болатын. Олардың қатарында Қызылордадағы №1 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Әлденова мен №144 орта мектебінде музыка пәнінен сабақ беретін Сағатбек  Қарапаевтар бар.    
    Сондай-ақ, облыс орталығындағы №3 мектеп-лицей (директоры Меруерт Әбдіқалықова) облыстағы мектептер арасында өткен байқау нәтижесінде «Үздік білім ордасы» атағын жеңіп алды.   
    Шарада осы үздіктерге ел алдында құрмет көрсетілді.  
     Сонымен қатар, бірқатар мектеп басшылары, республикалық, халықаралық түрлі сайыс пен олимпиада жеңімпаздарының ұстаздары және де облыстық спорттық спартакиадада жүлделі І орын иеленген мұғалімдер облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
    Барлық ұстаздарға қалалық қосымша білім беру орталығы мен «Өнер» мектебінің тәрбиеленушілері тамаша концерттік бағдарлама сыйлады.


25 қазан 2017 ж. 1 175 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области