ТІЛ ТАҒДЫРЫ - ЕЛ ТАҒДЫРЫ
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті орталығындағы Иса Тоқтыбаев атындағы №35-мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен "Тіл тағдыры-ел тағдыры" тақырыбында мектепішілік фестиваль болып өтті.
8-10 сынып оқушылары арасында өткен шараға Қызылорда облысы əкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ-нің Сырдария ауданы бойынша сарапшысы А.Қасымова, Сырдария аудандық этно-мəдени бағыттағы "Достығымыз жарасқан" қоғамдық бірлестігінің мүшелері қазылық етті.
Таныстыру, Отан туралы өлең оқу, ұлттық киімдер үлгісін көрсету, ұлттық əн, би билеу айналымдарынан тұрған бұл сайыста жеңімпаздар анықталып, марапатталды.