ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУЫ ҰЛТТЫҚ РУХАНИЯТПЕН АСТАСЫП ЖАТЫР
Елімізде жүргізіліп жатқан бастамалардың барлығы баянды болуы үшiн бiзге санамызды уақыт талабына сай өзгертiп, рухымызды дүр сiлкiндiруiмiз қажет. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бұл үдерiстi қалай жүзеге асыратынымызды көрсетiп бердi.
Қазақстан өзiнiң 27 жылдық тарихында ғасырларға бергiсiз даму жолынан өттi. Осы жылдар ішінде халқымыз ынтымағы жарасқан, экономикасы өркендеген, бүкiл әлемге бейбiтшiл ел ретiнде танылған iргелi мемлекетке айналды.
Осыдан 20 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясын уақытынан бұрын орындап, ендi «Қазақстан-2050» мақсаттарына қарай қадам басты. Ендiгi мақсатымыз айқын, ол – әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 30 мемлекеттiң қатарына қосылу. Бұл үшiн Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен экономикалық және саяси жаңғырулар жүзеге асырыла бастады.
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қанымызға сiңiп кеткен қасаң қағидалар мен таптаурын түсiнiктердi өзгертпейiнше, бiздiң толыққанды жаңғыруымыз мүмкiн еместiгiн, бәсекеге қабiлеттi ұлтқа айналу үшiн ұлттық санадағы пайдалы, iзгi қасиеттердi қайта түлетiп, кертартпа ойлардан арылуымыз керектiгiн атап көрсеткен. Ұлт Көшбасшысы ұлттық сана-сезiмнiң көкжиегiн кеңейтiп, бiлiмдi, көзi ашық, көкiрегi ояу болуға ұмтылу қазақтың қанында бар қасиет екенiн айтады. Тарихтың ащы сабағынан қорытынды шығарып қана қоймай, өзiмiз күн сайын көрiп жүрген құбылыстардан да ой түйiп, пайым жасау айрықша маңызды екенiн ұғындырады.
Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуiн көздейтiн осындай бағдарлар ғана дамудың көгiне темiрқазық бола алады. Яғни, Елбасы Қазақ елiнiң дамуы ұлттық руханиятпен астасып жатқан реализм және прагматизмде жатыр деп топшылайды.
Н.Назарбаев ұлттың рухани жаңғыруы үшiн таяу жылдарда атқарылуы тиiс iстердi де нақты көрсеттi. Бiзге бiлiктi инженерлер мен дәрiгерлер ғана емес, қазiргi заманды және болашақты терең түсiне алатын бiлiмдi адамдар ауадай қажет екенiн айтып, ол үшiн әлемнiң ең үздiк деген 100 оқулығы қазақ тiлiне аударылатынын атап өткен.
«Бiз алдағы бiрнеше жылда гуманитарлық бiлiмнiң барлық бағыттары бойынша әлемдегi ең жақсы 100 оқулықты әр түрлi тiлдерден қазақ тiлiне аударып, жастарға дүние жүзiндегi таңдаулы үлгiлердiң негiзiнде бiлiм алуға мүмкiндiк жасаймыз», - дедi Елбасы. Нақты кезеңде аталған озық оқулықтардың 18-і қазақ тіліне аударылып, еліміздің жоғарғы оқу орындарына таратылды. Бұған қоса, тағы 30 оқулықты аудару ісі жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаладағы қоғамның назарын өзiне аударған өзектi мәселенiң бiрi-латын әлiпбиiне көшу еді. Бұл жөнiнде Н.Назарбаев «Латынға көшудiң терең логикасы бар. Бұл қазiргi заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХI ғасырдағы ғылыми және бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тiлiн оқып, латын әрiптерiн онсыз да үйренiп жатыр. Сондықтан, жас буын үшiн ешқандай қиындық, кедергiлер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейiн ғалымдардың көмегiмен, барша қоғам өкiлдерiмен ақылдаса отырып, қазақ әлiпбиiнiң жаңа графикадағы бiрыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әлiпбидi үйрететiн мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кiрiсуiмiз қажет»-дедi. Міне, қазіргі уақытта латын әліпбиі турасында Жарлығы шығып, қазіргі уақытта сол бағытта жұмыстар атқарылып жатыр.
Шындығында, бүгiнде компьютерлiк технологиялар да, нақты бiлiм мен ғылымдарда да осы әлiпбидi қолданады. Осының барлығын ескерсек, Елбасының бұл бастамасы да барынша ойластырылған әрi уақытылы қолға алынған шара деп есептеймiн.
Сондай-ақ, Елбасының осынау сүбелi мақаласындағы көңiл қуантар бастамалардың бiрi – «Туған жер» атты бағдарлама қабылдау жөнiндегi ұсынысы. «...Басқа аймақтарға көшiп кетсе де туған жерлерiн ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсiпкерлердi, шенеунiктердi, зиялы қауым өкiлдерi мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл-қалыпты және шынайы патриоттық сезiм, ол әркiмде болуы мүмкiн. Оған тыйым салмай, керiсiнше, ынталандыру керек» деген сөзiнде терең мән жатыр.
Себебi, бiздiң дана бабаларымыз «Туған жер – тұғырың, туған ел – Қыдырың» деген қанатты сөздi тегiн айтпаған. Туған жерге деген махаббатын жоғалтқандар өзiнiң алтын арқауынан, түп-тамырынан қол үзiп қалған жандар. Өзiнiң алтын бесiк ауылын сүймейтiн, сағынбайтын, өзi туып-өскен өлкесiн қадiр тұтпаған, оған қал-қадiрiнше пайдасын тигiзбеген адамның бүкiл елдi, Қазақстанды сүйер патриот екенiне көңiл сенбейдi. Сондықтан, Елбасының бұл тапсырмасын тиянақты орындау-бәрiмiздiң ортақ мiндетiмiз. «Ұлттың өсiп-өнуiне екi жағдай қажет: азаттық пен бiлiм» деп Шоқан Уәлиханов айтқандай, саяси жүйемiзден бастап, бiлiм беру iсiне дейiн түбегейлi өзгерiстер орын алып жатқан тұста ұлттық сананы қалыптастырып, рухты ояту тарихи маңызға ие iс. Себебi, дәуiрлер түйiскен тұста Қазақстанға түбегейлi жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды етудiң теңдессiз тарихи мүмкiндiгi берiлiп отыр. Сол үшін де өмiр сүру үшiн өзгеруге тиiспiз, әйтпесе, тарихтың шаңына көмiлiп қаларымыз анық.
Жеке адамның өмiрiнiң мәнi-артынан ұрпақ қалдыру, сол ұрпақ өнеге тұтар iстер атқару десек, тұтас ұлттың мұраты-ғасырларға азық болар рухани мұра мен өзiне ғана тән төл мәдениет қалыптастыру. Ол үшiн бабалардан қалған iзгi дәстүрлер мен руханиятты сақтап, жаңғыртып, толықтырып отыруымыз қажет. Себебі, елдi дамытуға, өркендетуге бағытталған әрбiр реформаның берері мол.