БИЛЛ ГЕЙТСТЫҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫНДАҒЫ 7 БИЗНЕС-САБАҚ
«Бизнес оқиғалары» кітабы жаңалық етіп айтарлықтай су жаңа кітап емес. Бірақ бұл оқулықты Билл Гейтс пен Уоррен Баффет өте қатты бағалап, кітаптағы сабақтардың қажеттілігі өміршең екенін айтқан.
Джон Брукстың «Бизнес оқиғалары» еңбегінде ойлау дәрежесін ұлғайтудың, даму жолының 12 негізгі қағидасы сөз етіледі. Бүгінде елімізде рухани төңкеріс жасап жатқан Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында да прагматистік көзқарас, бәсекеге қабілеттілік секілді қасиеттерді дамыту міндеттелгенін білеміз. Соған орай, еліміздегі кәсіп саласында жүрген азаматтарға пайдасын тигізер деген оймен 12 қағиданың негізгі 7-еуін ұсынуды жөн көрдік. Ендеше әрі қарай оқыңыз.
Кітаптың негізгі сюжеті Xerox-тың дамуынан Ford Edsel компаниясының құлдырауына дейінгі аралықта құрылған. Кітапта адам табиғатының кәсіпке қаншалықты әсер ететінін баяндалады. Кейтлин Шиллер осы оқулықтан Blinkist жобасына қатысты 12 сабақтың жетеуін іріктеп алған екен. Олар қандай сабақтар?
1962 жылғы қор нарығының құлауынан сабақ.
Адам табиғаты - эмоцияға, өзгеруге бейім құбылыс. Келесі мәліметтер соның айқын дәлелі. 1962 жылы америкалықтардың үш күндік үрейі мен дүрбелеңі қор нарығының құлдырауын 20 миллиард долларға дейін жеткізген. Артынша дүрбелең басылғаннан кейін бұл сандар қайта қалпына келді. Аталған факті адамның инстинктивтік тұрғыдан ойлана алмауының қандай құлдырауға алып келетінін сенімді түрде іспен дәлелдеп берді.
Сондықтан, кез-келген жағдайда адамдар өз эмоцияларына ерік бермей, түсіністікпен қарауды үйренуі қажет. Сондай-ақ, әрбір бастамаға кірісер алдында кәсіптің оңалып кетуіне, болашағына күдік білдірмей, прагматистік көзқараста болған жөн.
Ford Edsel-дің фиаско сабағы
Өз нарығыңызды мұқият зерттеңіз. Өзгерістер тұтынушыларға ұнамай қалуы мүмкін екенін естен шығармаңыз. Мұндай кезде тауарды тұтынушылардың пікірі тез арада өзгеруі мүмкін. Дегенмен, қоғамдық пікірді жөнді басқара алсаңыз, барлығын жылдам орынына келтіруге болады.Ford маңызды шешім жасаудың орынына халық пікірімен санаспай, тұтынушылардың жинақы көлік қалайтынын ескермей, басқа бағытқа бет алды уағында. Нәтижесі қандай болғанын өздеріңіз білесіздер.
АҚШ-тағы федералды табыс салығының сабағы
Кейде барлығына қолды бір сілтеп, барлығын қайтадан бастаудың өзі дұрыс шешім болып саналады. АҚШ-тың салық жүйесі жыл өткен сайын шатасып, халықтың сенімінен айырылды. Олар осы кемшілікті түзетудің орынына қателіктерін халықтан жасырумен айналысты. Бұл кемшілікті түзетудің жалғыз жолы - барлығын қайтадан асынан бастау еді.
1959 жылғы Texas Gulf компаниясының құлдырау сабағы
Адамдар табиғатынан тек қана өзгергіш емес, сондай-ақ, менмен, тәкәппар болып келеді. Нақтырақ айтсақ, Texas Gulf компаниясының басшылары жаңа минералдық қорды тапқаннан кейін компания оны өндіруден бас тартты. Бірақ компанияның басшылығындағы бәз біреулер компания акциясын сатып алып, барлық туыстарына бірдей бағытта жұмыс жасауға әмір берді. Өйткені, оллардың ойынша, минералдық қордан көп ақша табуға болатын еді. Ақыр соңында инсайдерлік сауданың кесірінен компания құлдырады. Содан кейін барып, аталған сауда түріне тыйым салу туралы заңдар пайда болды.
Xerox-тің жылдам дамуы мен құлдырауынан сабақ
Ешқашан жедел арада жетістікке жетуді көздемеңіз. Xerox 1959 жылы алғаш рет өз өнімін жариялағанда ешкім оны сұранысқа ие болады деп күтпеді. Бірақ арада бес жыл өтпей-ақ компанияның атағы аспандап кетті. Олардың қаржылық қорының ұлғайғаны соншалық, 1964 жылы БҰҰ-на көмек ретінде 4 миллион доллар бөлді. 1965 жылы-ақ компанияда экономикалық мәселелер бой көрсете бастады. Компания мұқтаждарға көмек көрсетумен әуре болып жүргенде, көшіріп басатын машина жасау бағытындағы бәсекелестері бұларға жетіп алып, сауда нарығынан біржола ысырып тастады.
«Piggly Wiggly» дүкендер желісіндегі инвестициялық апаттың сабағы
Қызғаныш пен кекшілдік – жақсы қасиеттер қатарына кірмейді. «Piggly Wiggly» дүкендер желісінің қызғаншақ басшысы Кларенс Сондерс адамдарға кәсіп бойынша сабақ беру үшін сенімсіз деп саналған үлескерлердің барлығынан компания акцияларын сатып алады. Қорытындысында ол компанияны дағдарысқа ұшыратып тынды.
Бұл жерден кәсіпкер азаматтар қызғаншақтық пен менмендіктің қандай жарға соғарын байқап, осындай қателікті өз мансаптарында қайталамау тәжірибесін алуға болады.
1944 жылғы Бреттон-Вуд конференциясының сабағы
Біртұтас адамдардың шағын тобы өздерінен үлкен және күшті жаудан артық болуы мүмкін. Оған дәлел – келесі жағдай. Білгір қаржыгерлер командасы Ұлыбританияның тұрақты айырбас бағамын ұстай алмайтындығына сенімді болған кезде, нарықта британдық фунтқа қарсы шықты. Теңдестірілген күштерге қарамастан (оларға қарсы тұрған орталық банктердің күшті альянсы) олар жеңіп шықты.
Бұл сабақтан алатын тағылым – топтың күштілігі емес, бәсекеге түскенде ауызбіршілігі мен біліктілігі маңызды рөл ойнайды.