Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «КӘСІПКЕРЛІК» ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«КӘСІПКЕРЛІК» ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАР ҚҰРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша сұрыпталып, таңдалып анықталған 140 оқулықтың ішіне кірген қазақ тілінде алғашқы 18 кітап жарыққа шыққаны мәлім.
Сол 18 кітаптың қатарына 34 елде 30 млн данада шыққан, әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орындарында, атап айтқанда Гарвард, Оксфорд, Стэнфорд сияқты ірі білім ордаларында оқытылып жатқан, 4 рет қайта жарық көрген, әдістемелік, педагогикалық және дидактикалық тұрғысынан жоғары, ірі ғалым, ірі педагог, әйгілі профессор Дональд Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, тәжірибе және процесс» атты кітабының енуі де заңды.
Елімізде кәсіпкерлік саласы бойынша қазақ тілінде оқулықтар баршылық. Бірақ Куратконың оқулығын оқысаңыз, кәсіпкерлікке деген таным-түсінігіңіз түбегейлі өзгереді. Шынында да, кәсіпкерлік тар ұғымның аясына сыймайтын күрделі де маңызды сала.
Кәсіпкерлік деген – жоқтан барды жасау. Ол – жаңа кәсіп көзін іздеу, бизнес кілтін табу. Ал кәсіпкер деңгейінде ойлау кез келген адамға қажет. Ол «Рухани жаңғыруда» да айтылған идеялардың бірі. Яғни, ол - прагматизм. Міне, Дональд Куратконың осы кітабы прагматизм идеясына терең бойлап, кәсіпкерлік жігеріңді нығайтады. Кітап қалай кәсіпкер болу керектігін, қалайша кәсіпкерлік идеясын жүзеге асыруды талдап береді. Бұл кітап тұнып тұрған философия десе де болады.
Елдің бәрі де: «Бизнеспен айналысқым келеді. Бірақ неден бастарымды білмеймін» - дейді. Ал кәсіп көзін қалай табу керек? Әрине, бұл үлкен сұрақ. Сол сұраққа осы кітап арқылы жауап таба алуға болады. Осы оқулық арқылы кәсіби тұрғыда қазақ тілінде сөйлей алатын кәсіпкерлерді дайындауға үлкен мүмкіндік бар, бір сөзбен - қазақ тіліндегі кәсіпкерлік мектебін қалыптастыруға болады. Бұл мақсатқа Д.Куратконың кітабы керемет серпін береді және қазақ тіліндегі кәсіпкерлік мектебін қалыптастыруда таптырмас құрал деп санаймын.
Бұл кітап ХХІ ғасырдағы экономикалық, қоғамдық жəне əлеуметтік дамудың басты қозғаушы күші болып саналатын кəсіпкерлік құбылысты теориялық жəне практикалық тұрғыдан зерделеуге арналған. Кəсіпкерлікті жете түсіндіру үшін оның негізгі кезеңдерін сипаттайтын бастау, жоспарлау, қалыптасу жəне даму сатылары жүйелі əрі дəйекті түрде талданған. Кəсіпкерлік идеяны нарыққа шығаруға қажет ойлау жүйесі мен инновацияның рөлі кеңінен ашып көрсетілген. Кітаптың мақсаты – оқырманды кəсіпкерліктің үздік тəжірибелерімен таныстырып, тəжірибелік жəне эксперименттік оқыту əдістері арқылы кəсіпкерлікке қажет дағдыларды сіңіру. Кітап бизнесі бар кəсіпкерлер мен болашақта кəсіпкер болғысы келетін жастарға, жоғары жəне кəсіби оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, кəсіпкерлікті зерттеп жүрген қауымдастыққа, осы салаға қызығушылығы бар қалың оқырманға арналған.
Д.Куратконың «Кәсіпкерлік» кітабы әдістемесі, көзқарасы бөлек, көптеген көзқарасты, көптеген ойды, осы кезге дейінгі ғылымның даму процесссін ішіне қорытқан, жинақтаған оқулық, кәсіпкерлік саласындағы білімнің нағыз энциклопедиясы болып саналады. Бүгінде оқу әдісі ғана емес, сондай-ақ оның мазмұны да маңызды, кітапта таза білім жинақталған, яғни басқа оқулықтардағыдай біртектілік жоқ, яғни бұнда білім европалық немесе азиялық центризмге бұрмаланбаған. Ғылыми негіздері идеалогиялық және басқа нәрселерден таза, кәсіби жағдайға жақын оқулық. Кәсіпкерлік саласында білім мен ғылымды жаңа биіктікке шығаратын, жаңа бағытқа бұратын шын мәнінде рухани жаңғыруымызды қамтамасыз ететін оқулық. Келешекте елімізде экономикалық кітаптар шығып жатса соларға үлгі бола алатын кітап.
Осыған дейін кәсіпкерлік саласында дәл осындай қомақты қазақ тілінде оқулық жарық көрмеген. Сондықтан бұл бір үлкен дүние деп санаймын. Бұл оқулық студенттердің, осы кітапты оқитын азаматтардың, осы оқулықпен сабақ беретін мұғалімдердің ойлау қабілетін, жалпы көзқарасын өзгерте алатын кітап деп есептеймін. Бұл оқулықтың артықшылығы, яғни кітап өзінің ана тілінен аударылған. Ал бұған дейінгі кітаптар орыс тіліне сосын қазақ тіліне аударылып шығатын. Кітап аудармашылар тобы аударғандықтан қазақ тіліне жақсы аударылған және ғылыми тұрғыда да жақсы аударылған.
Оқулықтың тағы бір ерекшелігі, оқығанда адам тез қабылдайды, тез түсінеді. Бұдан кітаптың әдеби деңгейінің де жоғары екенін байқауға болады. Бұл оқулық бойынша мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орындарының студенттері, кәсіби оқу орындарының оқушылары, кітапханалардан азаматтар кәсіпкерлік туралы кешенді білім ала алады.
Осы кітапты оқыған көпшілік өзінің болашақ кәсіпкерлік жұмысына, кеңінен пайдалана алады. Бұл оқулық өз нәтижесін бүгінгі студенттеріміз өз оқуларын бітіріп, ертең өздері ғалым болған кезде, өздері мұғалім болған кезде, өздері ғылыми немесе басқа еңбек жазған кезде нәтижесін беретін оқулық деп санаймын.
Бұл кітап мемлекеттің гуманитарлық салаға жасаған ең ұтымды инвестициясы, ең ұтымды интервенциясы деп айтуға болады. Дамыған ең үздік, озық елдер осы оқулықтан оқып үйреніп жатыр. Сондықтан бұл кітаптың қазақ тіліне аударылуы үлкен жетістік. Бұл біздің елдің сол елдердің қатарына қосылуына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын.
Қазақ тіліндегі кәсіпкерлік оқулықтарына сұраныс көп. Бірақ, оқулық аз. Сондықтан, осы кітап бұл бағытта септігін тигізуі керек. Әрине, бір кітап жеткіліксіз. Үздік бағдарламаға 30-40 кітап керек. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдармасы аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасынан біз үлкен үміт күтеміз.

Абай ШАЙНУРОВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушысы


07 маусым 2018 ж. 2 090 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области