Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БИІККЕ БАСТАҒАН БАҒЫТ

БИІККЕ БАСТАҒАН БАҒЫТ


2017 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланды. Мақалада еліміздің дамып, көркеюі жолында өзекті саналатын өзекті мәселелер қамтылып, атқарылуы тиіс іс-шаралар бағдары көрсетілген болатын.
Бүгінде заманауи технологиялар даму үрдісінен өтіп, шарықтаған кезінде адамның ойлау қабілеті де белгілі бір өзгерістерге тап болғаны кәміл. Мәселен, ғаламтор желісі арқылы өнерімен, болмаса қандай да бір «ерекше» қабілетімен бөлісу арқылы танымал болуға болады. Жас буынның «кумирі» атану оңай. Сондай-ақ, әдемі суреттермен өрнектелетін мультсериалдардағы батырлар да кішкентайлардың назарына тез ілігеді. Дегенмен, аталмыш іс-әрекеттер болашақта адамдардың сана-сезімінің ұсақталып кетуіне алып келмейді ме?
«Аузынан ананың сүті кеппеген, бесіктен белі шықпаған» сәби шағында баланың таңдауы дұрыс болғаны жөн. Ал дұрыс таңдау тек ата-ананың ғана емес, мемлекеттің һәм қоғамның міндеті болып табылады. Себебі, мемлекеттің берекелі келешегі – бүгінгі жас буынға тікелей байланысты болмақ. Мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы атап өткендей, «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді». Ойлантарлық жайт екендігі хақ.
Елбасының «Рухани жаңғыру» саласы бойынша берген тапсырмалары жедел орындалыр жатыр. Ауқымды алты бағыттан тұратын бағдарламалық мақаланың әр бөлімі – экономикалық және әлеуметтік дамыған мемлекеттің жарқын үлгісіне алып келер жол. Елбасы Н.Назарбаев өз мақаласында: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», - деген болатын.
Осы орайда аталмыш бағдарламалық мақаладағы маңызды бағыттардың біріне ерекше тоқталып өткен жөн. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бағыты - бүгінгінің батырларын, өз ісінің майталмандарын, еліміздің дамуына еңбегі сіңген игі жақсыларды қамтитын ауқымды дүние. Аталған бағыттың басты мақсаты – тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына, нығаюына және көркеюіне зор үлес қосқан, тарих беттерінде есімдері ескірмейтін, үлкен құрметке лайықты тұлғаларды халыққа таныту, жастар үшін нағыз ерліктің үлгісін қалыптастыру.
Мемлекет басшысы жоғарыда аталған мақаласында «Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл - тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр...», - деп атап өте келе, еліміздің жарқын болашағы үшін бүгінгінің батыр тұлғалары туралы айту қажеттігін көрсеткен болатын. Сондай-ақ, ол кісілердің өмір және еңбек жолдары бұқаралық ақпарат құралдарының басты нысанына айналуы тиістігін жеткізді. Және де «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау керектігін айтып өтті.
Аталмыш бағыт бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде краудсорсинг негізінде қатысуға мүдделі кісілерден өтініштер қабылданды. Келген материалдардың барлығы 100esim.el.kz ресми сайтында жарияланып, кез келген пайдаланушы үшін қолжетімді болды.
Ресми сайтта көрсетілген әрбір үміткердің өмір және еңбек жолымен, жетістіктерімен танысып қана қоймай, «лүпіл» басу арқылы қолдаулар көрсетілді. Кәсібилік пен табыстың, біліктілік пен отансүйгіштіктің, жақсылық пен жылы жүректің иегерлері саналған тұлғалар қатарында жасөспірім балалардан бастап ғылым мен білім, медицина мен бизнес саласының майталмандары, спорт шеберлері болды.
Сондай-ақ, қайырымдылық шараларын өткізіп, қарапайым халықтың мүддесі үшін еңбек ететін мемлекет қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Жас та болса, еңбекке белсене атсалысып, елге қызмет атқаратын жастардың осы тізімде болуы көңіл қуантарлық жайт болып табылады.
Еңбегі еленген азаматтардың арқасында елімізде бәсекеге қабілетті, білімді жастардың қатары арта түспек. Осы қарқынымыздан таймасақ, ұлттың өміршеңдігі жойылмақ емес. Сонымен қатар, болашағы жарқын, әлеуеті асқақ мемлекетке айналарымыз хақ.
10 тамыз 2018 ж. 885 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области