ЖОБА ЖЕМІСІН БЕРЕ БАСТАДЫ

Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында ел болашағы жастардың білім алуына, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар айтылған болатын. Сондықтан, Мемлекет басшысы «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуды тапсырды. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады. Білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау–болашаққа жасалатын бұл қадамы көкірегі ояу, білімді де жігерлі ұрпақ тәрбиелеп, жарқын болашағымыздың кепіліне айналатынынан күмәнім жоқ.
Қ. ӘЛІМЖАНОВА,
Арал ауданы