АЗАТТЫҚТЫҢ АСҚАҚ РУХЫ
Жалағаш ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – азаттығым, таң нұрым» атты салтанатты жиын Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде өтті.
Жиынды аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, аудан халқын еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздіктің 26 жылдығымен құттықтап, ауданның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосқан түрлі сала өкілдерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған рухани жаңғыру бастамалары жайлы келелі ой, пайымды пікір айтылған салтанатты жиын соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.