МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН МЕРЕЙЛІ ШАРА
Арал қаласындағы №62 мектеп-лицейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тәуелсіздік мерекесіне орай «Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Жиында Елбасы бастамашы болған рухани жаңғыру аясында білім мен тәрбие бағытындағы реформаны жүзеге асыру, жаңарған елдің рухы биік, намысы берік азаматтарын тәрбиелеу ұстаздар қауымына жүктелген басты міндет екендігі айтылды. Осы жолда жетістікке жеткен ұстаздар еңбегі атап өтілді.
Салтанатты шарада мемлекетіміздің тәуелсіздік жолындағы айтулы кезеңдеріне шолу жасалып, оқушылар ән-жырдан шашу шашты.
Жиында «Менің бастамам-менің Отаныма!» айдарымен республикалық, аудандық білім сайыстарында озық шыққан оқушылар марапатталды.