«100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ» ЖАСТАРДЫ ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы - ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бағдарламада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер көтерілген болатын.
Бағдарламадағы әрбір жоба біртұтас ұлт ретінде болашаққа нық қадам жасауды көзейді. Сол себепті әрбір Қазақстандық бағдарламаны жүзеге асыруға өзіндік үлесін қосу керек деп ойлаймын.
Мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың «Ақпараттық жүйелер» мамандығында 2-курс оқимын. Ел өміріндегі елеулі оқиғаларға үн қосып, өзіндік азаматтық позициямды білдіріп отырғым келеді.
Күні кеше «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 18 оқулықтың тұсаукесері өткізілгені туралы оқыдым. 100 жаңа оқулықты сараптау да оңай болмағанын білдім. «Аударылатын оқулықтар дүние жүзіндегі маңдайалды 100 университеттің бағдарламасында болуы қажет және кемінде 3 басылым көруі тиіс» деген талап қойылған. Осындай талаптар негізінде философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, антропология мен дінтану, журналистика, экономика мен кәсіпкерлік салаларын қамтитын алғашқы 18 оқулық іріктелген. Таңдалған оқулықтарды жинақтап айтсақ, бұл кітаптар әлемнің 42 елінде, 34 тілде басылып, жалпы таралымы 47 миллионнан асқан.
Әлемдік деңгейдегі мұндай құнды дүниелерді оқыған біз сияқты жастардың болашағы жарқын болатынына сенемін. Әлем әдебиетінің туындыларын ағылшын тілінде қазір де оқуға мүмкіндігіміз бар. Әйтсе де өз ана тілімізде оқыған ерекше әсерлі болатын тәрізді. Оқулықтардың аннотациясымен де танысып шықтым. Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты кітабы ерекше қызығушылығымды туғызды. «Бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған» делінген. «Ақпараттық жүйелер» мамандығында оқитындықтан, жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның жаңалықтары мені қатты қызықтырады. Бұл кітап алапат индустриялық революция жағдайындағы өзгерістерді адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек тәрізді.
Сондай-ақ Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы, Дэвид Г.Майерс, Жан М.Туенждің «Әлеуметтік психология» кітабы назарымды аударды. Мұндай психологиялық кітаптар ең алдымен өзіңді, жан-жағыңдағы адамдарды тануға мүмкіндік береді. Өз-өзіңе сенімді болуға, кез келген жағдаяттан шыға білуге тәрбиелейді. Іс әрекетіне, сөзіне қарап, жаныңдағылардың психологиялық ахуалын, ерік-жігерін бағдарлауға мүмкіндік береді.
Дональд Ф.Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» кітабын да оқуды жоспарлап отырмын. Қазіргі жастардың көпшілігі кәсіпкерлікпен айналысқанды қалайды. Мүмкіндік болса, студент болып жүріп те, кәсіп ашқысы-ақ келеді. Кәсіпкерлік мені бала күнімнен қызықтырады. Сол себепті бұл кітаптың да мен үшін берері мол деп білемін.
Бұл оқулықтардың қай-қайсы да қызықты деп ойлаймын. Әрбір оқулық 10 мың данамен басылып шығып, жоғары оқу орындары мен кітапxаналарға таратылатындығы,барлық оқулықтардың электронды нұсқалары және соның негізінде әзірленген бейнедәрістер топтамасы таратылатындығы көңіл қуантады. Оқулықтарды заман талабына сай интерактивті үлгіде оқып-үйренуге мүмкіндік беріліп отыр.
Елбасымыз Жолдауында: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін , сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналады»,- дейді. Елбасымыз Мәңгілік елдің жастарын осындай идеал тұлға ретінде көргісі келеді. Сол себепті үздіксіз іздену, өзімізді жетілдіріп отыру, рухани жаңғыру біздің міндетіміз деп білемін.
Айдана СӘБИТБЕК,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 2-курс студенті