Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ТАБЫСТЫ БОЛУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ТАБЫСТЫ БОЛУДЫҢ БАСТЫ ФАКТОРЫ


     Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы өз дәрежесінде жүзеге асырылып келеді.
    Елбасы тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өтті. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеу  – біздің басты міндетіміз. Озық дәстүрлерді табысты жаңғырту арқылы жастарды ұлттық-рухани құндылықтармен сусындатып келеміз. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда білім алушыларға жаңа сапалық деңгейде білім беріп, болашақ мамандарды ашықтыққа, прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын ұстанып келеміз.
    Бағдарлама аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында колледж мұражайын жасақтадық.  Мұнда сонау 1954 жылы іргесі қаланған 65 жылға жуық тарихы бар қарашаңырақтың тарихын жинақтадық. Мұражай ішіндегі «Колледж тарихы», «Колледждің негізін қалаушылар» (Қалдыбай Маханов, Танабай Есмағамбетов, Жақып Әбдіхалықов, Жиентай Есенов, Николай Артемович Подольских), «Колледж басшылары», «ҰОС қатысқан ардагер ұстаздар», «Колледж түлектері» («Социалистік Еңбек Ері» атанған колледж түлектері – Әбуша Дінісламов, Кәрібоз Әлимаев, ҚР Парламентінің депутаты Бақытбек Смағұл), «Колледж ардагерлері» бөлімдері оқу ордасының өткені мен бүгінін нақты айқындайды.
    Рухани жаңғыру арқылы ғана біз ұлттық рухтағы жастарды тәрбиелейміз десек, оған тағы бір дәлел  колледжде  «Рухани жаңғыру» бөлмесінің ашылуы. Бұл дегеніміз, рухани дәстүрдің басты негізі.
    Ендігі жүзеге асыруға бет бұрған жоспарымыз – оқытушыларымыздың пәндік –тілдік оқытуды іске асыру мен білім алушыларымызды WorldSkills Kazakhstan Ұлттық Чемионатына үш тілде қатыстыру. Пәндік –тілдік оқытуды іске асыруда «Кәсіпқор холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кәсіптік білім беру орталығы ұйымдастырған курстарда 17 педагог білім жетілдіру курстарынан өтті. Қазалы аграрлы – техникалық колледжі осымен 3 мәрте өткен «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының ұлттық кезеңіне облыстың атынан 3 дүркін қатысып, намысын қорғап келе жатқан бірден – бір колледж.  
    Рухани жаңғыруға ұмтылу – табысты болудың басты факторы.
    Темірбек ИСМАЙЛОВ,
    Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің директоры,
    Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

08 наурыз 2018 ж. 869 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области