РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ АЯСЫНДА ШАРАЛАР ТҰРАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Арал ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Бұл жайында аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, болашаққа қадам басу бағдарын белгілеген мақаланы түсіндіру мақсатында аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шара жоспарына байланысты 113 мәдени шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, аудандық «Толқын» газетінде 25 мақала жарияланып, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Туған жер» бағдарламасы аясында 2 бейнесюжет түсірілді.