ЖЫЛДАМ ОҚУ АРҚЫЛЫ ТАРИХТА АТЫ ҚАЛҒАН ТҰЛҒАЛАР
Қазіргі таңда аға буын жастарды кітапты аз оқисыңдар деп кінәлап жатады. Бұл пікірмен келіспейтіндер қаншама? Ақпарат алудың жаңа жолдары пайда болса да адамзат баласының кітапқа деген құрметі төмендеген емес. Күн санап кітап оқуды былайша оқу өз алдына, жылдам оқитындардың қатары да көбейген.
Тарихта жылдам оқу қасиетімен есте қалған талай мықты тұлғалар бар. Мысалы, Наполеон Бонопарт өзінің көшбасшылығымен ғана емес, сонымен қатар оқу жылдамдығымен де ерекшеленген. Деректерге сүйенсек, ол минутына 2000 сөз оқитын болған. Француз жазушысы Оноре де Бальзак екі жүз беттен тұратын романды жарты сағатта оқып бітірген. Ал Максим Горький минутына 4 мың сөз оқи алған. Америка президенті болған Рузвельт жылдам оқу әдісін арнайы оқып, жақсы меңгерген екен. Соның нәтижесінде ол қалың кітаптарды 1-2 сағатта аяқтайтын болған.
Психологтар адам неғұрлым кітапты көп оқыса, соғұрлым ол адамның түйсігі және ойлау қабілеті жоғарылайды. Қарпайым адам бір нүктеге қарағанда он әріпті, кейбіреулері екі-үш сөзді ғана көреді. Жылдам оқитын адамдадың мүмкіндіктері жоғары. Ол бір оқығанда жүз немесе бес жүз белгіні және бір оқығанда отыз үш сөзді бірден көре алады. Ал ақырын оқу барысында адамдар кітапта жазылған дүниенің тек алпыс пайызын ғана қабылдайды. Ал жылдам оқығанда керісінше туындының сексен пайызын түсінуге мүмкіндік береді. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сіңетін көрінеді. Сондай-ақ зерттеушілер жылдам оқығаннан гөрі асықпай оқығанда көздің тез талатынын анықтаған.
Кітаптың өзінің логикасы бар. Кітапты оқыр алдында оны қырындатып қоямыз. Өлең не проза болған жағдайда онда басқа тәсіл қолданамыз. Ал мақала не талдаулар болса кітап бетіндегі сандарға ғана қараймыз. Кітапты оқудың құпичһясы: Бірінші сіз сөзге немесе ойға салмақ түсіріп отырасызба соған байланысты. Егер сіз ойға салмақ түсіріп оқиытын болсаңыз кітап жылдам оқылады.
Жылдам оқуға өздігінен де машықтануға болады. Бүгінгі таңда бұл сала дамып, көптеген елдердің жоғары оқу орындарында арнайы курстар ашылған. Сондай-ақ, осы әдіс арқылы Кеннеди, Форд, Картер сынды президенттердің тұсында билік аппаратында қызмет ететін адамдар оқытылған екен.
Қазіргі таңда жылдам оқытудың компьютерленген әдісі де бар. Жылдам оқуды үйрену үшін барлығы Эвелин Вудтің тәсілін пайдаланады.
Эвилен Вуд тәсілі
Ол үшін бірінші қойылатын талап – көп оқу қажет екен.
Екіншіден, мәтінді іштей айту әдетінен айыққан жөн екен. Яғни, көзбен көргенді оймен оқу керек. Сонда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Үшіншіден, секундомердің көмегімен, өзіңнің қаншалықты тез оқығаныңды тексеріп қойған да дұрыс екен. Егер, нәтижеге көңілің толмай жатса, тағы қайталап барынша тез оқуға тырысу қажет екен. Адам осылайша өзін тәрбиелейтін болса, жылдам оқуға машықтанып кетеді екен.
Иә, жоғарыда аты аталған атақтылар кітапты «тез оқысам» деп емес, «көп оқысам» деп жылдам оқитын болған. Яғни, олар солайша мына дүние, мына әлем туралы мол ақпарат алудың амалын жасаған. Демек, уақытыңды үнемдей отырып жылдам оқып үйрену үшін бірінші кезекте көп оқу қажет. Ал көп оқыған адамның жады қажетті ақпаратпен толысып, түйсігінің кеңейе түсетіні белгілі.
Жылдам оқу дағдыларын дамытуға және оқытуға арналған кейбір пайдалы кеңестер:
1-жаттығу. Бұл жаттығу жұппен орындалады. Біріншісі кітапты ашады, сөз тауып, кітапты басқасына береді. Екінші адам дұрыс сөзді тез арада табу керек. Жаттығу сіздерге ең бастысы жылдам оқуға мүмкіндік береді.
2-жаттығу. Оқу кезінде артикуляциядан арылуға мүмкіндік беретін қызықты жылдам оқу жаттығулары бар. Мәселен, адамның миы қарапайым оқу арқылы (өзін өзі айтады), сөйлеу ақпаратын өзіне қабылдайды. Мұндай жағдайда біріншіден езуімізді жиямыз, яғни дыбыстап оқуға болмайды. Себебі, адамның ойы сөзінен 21 есеге жүйрік.
3-жаттығу. Шұғыл оқуды дамыту үшін, әр сөзге көңіл бөле білу маңызды. Сөздерді ойға салмақ салу арқылы оқуды қалыптастырыңыз. Оқу барысында үзіліс жасауға болмайды. Оқып болған соң сөйлемдерге қайта оралудың қажеті жоқ.
Жылдам оқуды тез дамыту үшін аталған кеңестерді күнде қайталап отырған абзал. Есіңізде болсын, барлығы еңбектенумен келеді. Сондықтан да оқуды, күнделікті жаттығуларды тоқтатпаңыз.