Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ: «КӨПКЕ ҰМТЫЛҒАН ЖАЛҒЫЗ»

ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ: «КӨПКЕ ҰМТЫЛҒАН ЖАЛҒЫЗ»


Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі “100 жаңа оқулық” бағыты аясында әлемнің үздік деп саналатын 100 кітабын қазақ тіліне түпнұсқадан аударуды тапсырған болатын. Осыған орай арнайы Ұлттық аударма бюросы құрылып, еліміздегі білікті мамандардың басы бір жерге біріктірілді. Бір жылдай уақыт ішінде білікті мамандар таңдалған еңбектерді түпнұсқадағы тілден қазақшаға тікелей аударды. Осылайша биылға міндеттелген 100 кітаптың 18-і тәржімаланып, қолданысқа дайын болды. Жаңа оқулықтар еліміздегі жоғары оқу орындарына таратылуда. Нақты кезеңде тағы 30 оқулық бойынша аударма жасалып жатыр.  
Бүгінгі мақаламызда біз солардың ішінен Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз» кітабы туралы айтпақпыз. Ерекше атап өтуге боларлық бұл кітаптың негізгі бағыты болған әлеуметтік психология – қазіргі қазақ қауымына өте қажетті ғылым болып отыр.
Эллиот Аронсон бұл кітапты 1970-1971 жылдары Стэнфорд университетінде жүрген кезінде жазуға кіріскен. Содан бері кітап 11 басылым көрген. Яғни, елу жылға жуық уақытта үнемі жаңартылып отырған. Кітаптың алтыншы басылымы Ресейде аударылған екен. Сол кездегі басылыммен салыстырғанда 11 басылымның мазмұны жаңара түскен. Мысалы, АҚШ мектептеріндегі атыстар – бір адамның қолына мылтық алып, он, жиырма, елу адамды қырып кетуі, сол секілді қоғамда кейін болып жатқан қайғылы оқиғалар өте нақты қарастырылған. Психикалық қырлары талданған.
Бір қызығы, бұл кітаптың атауы кезінде әлеуметтік талқыға түскен. Соның ішінде шығыстанушы Ғалым Боқаш ұсынған «Көпке ұмтылған жалғыз» атты атау көңілге қонымды болған. Бұл атауға қатысты өз кезегінде кітаптың тұсаукесерінде Президент те «Көпке ұмтылған жалғыз» атауын сәтті деп ерекше атап өткені бар.
Бұл кітап тек студенттер мен психология тақырыбына қызығатын ғалымдарға ғана емес, көпшілік оқырманға да өте қызықты болмақ. Адамның ішкі рухының мықты болмауы, жеңіле салуы сияқты мәселелердің бәріне осы кітапта жауап бар. Шетелдік ғалымдар кітапты мейлінше түсінікті етіп, көпшілікке арнап жазады. Мұны ғылыми дегеннен гөрі, ғылыми-көпшілік кітап деуге болады. Сондықтан, бұл кітаптарды жоғарғы оқу орындарында ғана оқытпай, оқырман қолына тигізсе, еш ұтылмақ емеспіз. Яғни, біздің қоғамға өсу керек болса, осындай оқулықтармен танысу керек.
Роза ШАРАПАТОВА,
№83 орта мектептің мұғалімі,
Арал ауданы
03 тамыз 2018 ж. 1 381 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области