Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕР ТЕКЕЙ

ЕР ТЕКЕЙ


Сыр бойы халқы батырларынан ешқашан да кенде болмаған. Ел қорғаған батырлар есімдерінің көпшілігі архивтерден гөрі айтылған тарих болып бізге жетті. Аңыз түбі – шындық екені әмбеге аян.
Осы сонау қиын кезендерде елін жаудан қорғауда Сыр өңірінің батырлары да орасан ерлік көрсетеді. Сыр өңірін ежелден «Сыр елі – жыр елі» дейміз, мен қосар едім «Сыр елі – батырлар елі» деп.
Сыр бойы батырларының үлкен ерлігі 1725 жылы Сыр өңіріндегі Қармақшы ауданында Жауғаш деген жерде қазақ-жонғар соғысында алғашқы рет жеңіске жетуінде. Әйгілі Аңырақай шайқасы кейін болған. Бұл дерек бізге айтылған тарих болып атадан балаға жетіп отыр. Біз Жауғаш шайқасымен мақтанамыз, бірақ өкініштісі кітаптарға енгізілмеген.
Текей батырдың атқарған қызметі, тарихи рөлі мен алар орнын бүгінгі жастарға жеткізуді жөн санадық.
Текей Қарпықұлы (1667-1752) қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде өмір сүрген. Текей – батыр, қолбасшы, палуан, әнші болған. Тегі - Кіші жүз Алшын-Қаракесек-Байсары-Кете-Қара аталығынан шыққан. Кетенің ұраны – Майлыбай. Таңбасы – (Х).
Текей батыр бейіті – қазіргі Онтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласыныңдағы Қ.А.Яссауи кесенесіндегі құлпытаста есімі кездеседі және қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев атындағы ауылдың «Кекірелі» деп аталатын шалғай бөлімшесінен онтүстікке қарай 20 км жерде. Яғни Сыр бойы батырларына тән Текей батырдың 2 мазары бар.
Текей батырлар әулетінен шыққан. Әкесі Асанұлы Қарпық батыр, әкесінің інісі Қарабазар батыр, ағасы Құдайназар батыр атанған. Олар заманында елін қорғаған айтулы ерлер болған. Осындай әулеттен шыққан Текей осал болмаса керек.
Осы аталған батырларды Сыр бойының шежіреші ақыны Әлімбай Әлиасқаров (1908-1990) «Қазақ шежіресі» еңбегінде:
«Асаннан Киікші, Қарпық, Қарабазар,
Жанбақтыдан Нұрымбет, Сары атқа шабар», - деп жырласа, келесі жолында:
«Белгілі батыр екен Қарабазар,
Көрмеген уақытында жаннан азар», - деп жырлаған.
Текей әз Тәукенің бас сардары болған. Деректерге сүйенсек 1711 жылы Текей батыр Тәуке ханның бас сардары болып үлкен жеңістерге жеткен. Кейін Тәуке ханның өлімінен кейін Әбілқайыр ханның батыры, жақын сіріктерінің бірі болады. Текей батырды кезінде жау жағы «Тәуке батыр» деп те атаған. Текей батыр жауға шапқанда сыр мінез Ақбоз атымен шабады екен.
Текей батыр туралы Сыр бойының ақыны Шегебай Бектайұлы (1844-1916) былай жырлаған:
Енді бермен келейік.
Қарпықтың ұлы Текейге,
Аударған тауда балықтай,
Басын кесіп тулатып,
Айдаһарды жөндеген.
Уақытыңда тақымын,
Қалды ма жаны кермеген».
Текей батырды Сыр бойының шежіреші ақыны Сағынбай Әлиасқаров «Шежіре өлені» еңбегінде:
«Қарпықтан Құдайназар, туды Текей,
Ерлер еді ел-халқының қамын жеген.
Текейден туылған еді Абақан, Ұлтай,
Ақкөбек, Шымырбай, Құтпамбет және Кеген.»–деп жырлаған.
Бірде Текей батыр жоңғарлардың тұтқынына түсіп қалғанда, оны босатуға ағасы Құдайназар батыр мен Табыннан шыққан Бөкенбай батырдың ықпалы зор болған. Қазіргі Қармақшы ауданы жерінде Ор деп аталатын болған. Ол Текей әулие мазарынан 5 шақырым жерде.
Текей батыр қырғыздың ханы Әлікенің қолын быт-шытын шығарып, ордасын ортасына түсіріп, Бөке атты сұлу қызын олжалайды деген мәліметтер де бар.
Текей батырдың алтын бесікті Ұлтай, Бөке сұлудан Абақан батыр, Ақкөбек батыр, Құтпенбет палуан туылады. Ал екінші әйелі жонғар қызынан Кеген батыр туады. Үшінші әйелінен – Шымырбай туылыпты.
Текей батыр ақылгөй адам болған. Артында өлмейтіндей сөз қалдырған. «Ұлдары батыл, қыздары асыл елдің шегіне жау жетпес, ұлдары жасық, қыздары пасық елдің басынан дау кетпес» деген нақыл сөздері бізге жетіп отыр.
Текей батыр «Әке балаға сыншы» деген қағидамен балаларын шақырып алып өсиет айтыпты деседі. Сонда: Абақанға бірлікті, Ақкөбекке билікті, Құтпенбетке палуандықты, Шымырбайға байлықты, Кегенге батырлықты, Ұлтайға шанышқыны сыйлап, «несібеңді балық аулаудан тап» деген екен.

Б.АХМЕТБЕК,
Қызылорда қаласы
03 қыркүйек 2018 ж. 1 678 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области