Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАЛАНТТЫ ПРОЗАШЫ

ТАЛАНТТЫ ПРОЗАШЫ


Қазақ жазушысы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері (1999) Қуандық Түменбай 1955 жылдың 22 тамызында Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ыбырай Жақаев атындағы ауылында дүниеге келген. Қаламгер 2008 жылдан бері «Үркер» газетінің Бас редакторы қызметінде.
Талантты прозашы Қуандық Түменбай 1955 жылы 22 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, қазіргі Ыбырай Жақаев ауылында туған. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1991 жылы Мәскеудің М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты тамамдаған.
1978-1979 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде тілші, 1979-1980 жылдары «Жалын» баспасында редактор, 1984-1989 жылдары «Жұлдыз» журналының бөлім редакторы, 1989-1991 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1991-1992 жылдары «Алматы ақшамы» газеті Бас редакторының орынбасары болды.
Ал 1992-1996 жылдары ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің Бас редакторы, 1996-1998 жылдары «Қазақстан» баспасының Бас редакторы қызметтерін атқарған. Халықаралық журналистика институтында оқытушы қызметін атқарды.
2004 жылдан «Ақиқат» журналында бөлім редакторы, ал 2008 жылдан бері «Үркер» газетінің Бас редакторы қызметінде.
Алғашқы әңгімесі «Қайың сапты кетпен» деген атпен «Қазақ әдебиеті» газетінде 1974 жылы жарық көрді.
Қ.Түменбайдың «Қайың сапты кетпен» (1982), «Жүрдек поезд» (1987), «Каникулды күткен қыз» (1990), «Жігіттің Көктөбесі» (1995), «Қанаты күйген қызғыш құс» (1995), «Сотталған домбыра» (1998), «Көз» (1999), «Жасыл жанып тұрғанда» (2001), «Қой мен қойшы» (2004), «Ар мен дар» (2005) атты прозалық кітаптары жарияланған.
Әңгіме, повестерінде Ауған соғысының қасіреті мен қазақ жеріндегі экология мәселесі суреттелсе, көптеген әңгімелерінде эротика, сұлулықтың құпия сырлары ашып көрсетіледі.
«Бейкүнәлар» (2004) романында кеңестік дәуірде тәуелсіздікті аңсаған ұлтжанды қазақ азаматының тағдыры суреттелген. Шығармалары араб, орыс, неміс, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Халықаралық «Алаш», «Сорос–Қазақстан» сыйлықтарының лауреаты. Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық жабық бәйгенің бірнеше мәрте жүлдегері. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы.
Қуандық Түменбай шығармаларының тақырып ауқымы кең. Ол – аз сөзге көп мағына сыйғызатын, үлкен әлеуметтік мәселелерді шағын оқиғалармен суреттеуге шебер қаламгер. Жазушы қаламына негіз болған шығармалардың бірсыпырасына Ыбырай Жақаев өмірі негіз болса, енді бірқатар шығармаларында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, оның қоғам мен адам өміріне тигізген зиянына көңіл аударады.
Бірнеше кітаптың аввторы Қуандық Түменбайдың 2008 жылы «Сырдария кітапханасы» сериясымен Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан «Қобыздың мұңы» атты жинағы жарық көрді.
Айта кетейік, «Сырдария кітапханасы» сериясымен көптомдықты Қызылорда облысының әкімдігі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті шығарды.
14 қыркүйек 2018 ж. 1 303 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области