Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МАНАПТЫҢ ТЕРМЕСІ

МАНАПТЫҢ ТЕРМЕСІ


Терме – халық творчествосындағы тақпақты саздың бір түрі. Термеде өмірде қорытылған философиялық тұжырым тиянақталып, әрбір қатпарында қорғасындай салмақ жатады.
Манаптың терме-толғауларында алдыңғы аға буынның асыл мұрасынан нәр алғандығы аңғарылып тұрады.
Таудың көркі – бұлақта,
Бұлақтың көркі құрақта.
Жігіттің көркі – тұрақта,
Әділдік шегі ұятта.
Сырқаттан денің сауықса,
Мінгендейсің құр атқа.
Тыңдаушыға ой салар,
Шырын сөз қалса құлақта,
– деп төгілтсе, терме соңын:
Бос ұстап қолды қанатпа,
Қапыда сойып кетпесін,
Қамыс пенен қияқ та
Бұл сөзден ғибрат ала біл,
Сау басың түспей сынаққа,
– деп түйіндейді. Өмірлік көрген – түйгенінен өсиет-өнеге өріп, соны келер буынға насихаттауды парыз тұтқан парасат иесінің «Өмірдің соқпақ жолдары» деп аталатын термесінің берер тағылымы зор.
Манап Көкеновтың «Жаса мәңгі, қазағым!» толғауында сонау Тәуке хан, Абылай хан заманынан бастап кешегі тәуелсіздік алған күнімізге дейін ауқымды оқиғаларға шолу жасайды. «Айналдым сенен, ақжарқын ана» атты толғауында дүниедегі жаны бар атаулының барлығын жүрегінен жаратқан анаға сұлу сөзбен сомдап, мызғымастай мүсін тұрғызды. «Орындалған арман», «Домбыра», «Жорғаның сыны», «Ақындарға», «Өмір өткінші жаңбырдай», «Туған жердің түлегі», т.б. толғаулары өмірдің өзінен алған өлмес туындылар.
Ақын Манап кейбір толғау-жырларын жазып отырмай-ақ домбыраны тартып отырып, төгіп-төгіп айтатын болған. Бұл жөнінде Шайдарбек Әшімов ағамыз былай дейді: «1970 жылы Мәкең біздің үйде отырып «Күреңдікі бас бәйге» деген толғауын мүдірмей жарты сағат жырлады. Екі жүз елу жолмен қайырған бұл ұзақ толғауды мен әрең үлгіріп, жазып отырдым». Ақын шабытына мінген шалқар жыр кейде осылай туады.
04 қазан 2018 ж. 691 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области