Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОЛАШАҚҚА БЕРІК ҚАДАМ

БОЛАШАҚҚА БЕРІК ҚАДАМ


Елбасы Қазақстан халқына жолдауында 2019 жылы атқарылатын жұмыстар жөнінде бағдар беріп, сол атқарылатын жұмыстарды уақытылы, нәтижелі орындауға тапсырма берді. Елбасы өз сөзінде: Осы жолдауда халық табысының өсуіне байланысты Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсуі тиіс.
Бәсекелестікті қорғау функциясын елеулі түрде күшейтіп, монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалау, бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу туралы Елбасының тапсырмасы халыққа әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету болып табылады. Сонымен қатар білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатында Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырды.
Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленіп, қабылданатынын айта кетті. 2019 жыл «Жастар жылы» болып аталатыны да Елбасының жастар саясатын жоғары қоя білетінін және әрдайым өз назарында ұстайтындығын көрсетеді.
Мен Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауын қолдаймын. Елбасының Жолдаулары арқылы еліміздің саясаттағы сара жолын бағдарлап, жететін жетістіктерімізді белгілеп отыратынын білемін. Сол жетістіктерге жету жолындағы төгілген маңдай теріміз, ерен еңбегіміз арқылы еліміз 2050 жылы әлемдегі озық 30 елдің қатарына кіретініне толық сенімдімін.

Мәжит БАЛҚОЖАЕВ
«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған
аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
12 қазан 2018 ж. 586 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области