Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ЖАРҚЫН БАҒЫТ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ЖАРҚЫН БАҒЫТ


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын арнап, тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді.
Соның нәтижесінде еліміз дамыған елдердің алдыңғы қатарына ену мақсатында үлкен жұмыстар атқаруда . Енді осы мақсатка жетудің жаңа дәуірі басталды. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керектігін айтты. Мақсат әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен қатар иық түйістіру. Биылғы жолдауда басты бағыты Қазақстан халқының әл ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру.
Елбасымыз адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады деді. Осыған халықтың әл ауқатының өсуіне қолдау көрсету мақсатында және кәсіпкерлікті одан әрі қолдау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан салық алымының рақымшылығын жүргізу керектігін айтты.
Сонымен қатар, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды.
Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі.
Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керектігін тапсырды.
Елбасы алдағы жылы құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысына қатысты жаңа талаптарды енгізу керектігін жеткізді. Қызмет бабымен көтерілу жүйесін де өзгерткен жөн. Құқық қорғаушылардың барлығы қайта аттестаттаудан өтуі тиіс. Осы жұмыста үздіктер ғана қалуы қажет, ал аттестаттаудан өтпегендер кетуі керек - деді Н.Назарбаев.
Елбасының алға қойған тапсырмаларын орындау үшін барлығымыз бір кісідей жұмылып еңбек етейік.

Шәйкібек СҮЙІМБЕТОВ
Төретам кентінің әкімі, «Нұр Отан» партиясы
Байқоңыр филиалы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі
10 қазан 2018 ж. 745 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области