Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСТАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

ЖАСТАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын Қазақстан халқы ерекше ықыласпен тыңдады.
Жолдауда айтылған міндеттер мен мақсаттар халықтың әл-ауқатын арттырып, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етері сөзсіз. Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруға әрбір Қазақстан азаматы үлес қосуы қажет деп білемін. Себебі бұл құжатта әрбір азаматтың мүддесі, жарқын болашағы көзделеді.
2019 жылдың «Жастар жылы» деп аталуының өзінде терең мән жатыр. Елбасымыз ел ертеңі жастарға ерекше сенім артып, үнемі қолдап отырады.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналады»,- дей отырып, жастарды өз елінің патриоты, идеал тұлғасы болуға шақырады.
«Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», - дейдi Елбасы бiр сөзiнде.
Елбасымыз Мәңгілік елдің жастарын ел мұраты үшін қызмет ететін тұлға ретінде көргісі келеді. Сол себепті жастарға барынша қолдау көрсетуді мақсат етеді.
«Бес әлеуметтік бастаманың» бірі ретінде де жастардың мәселесін көтерді. Жоғары оқу орындарында оқуға жыл сайынғы бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 20 мың грант бөлініп, студенттерге арнап жатақханалар салына бастады.
Жастарға мемлекет тарапынан қай кезде де жақсы қолдау көрсетіліп келеді. «Жастар жылында» сапалы білім беру, жұмыспен қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, мәдени демалысты ұйымдастыру, жас отбасыларына қолдау көрсету сияқты игі шаралар еселене түсіп, қарқын алады деген ойдамын.
Мен - ұстаздың жолын таңдаған жас маманмын. 4 тілде еркін сөйлеймін. Физика пәнін ағылшын тілінде жүргіземін. Еліміздегі үштілді білім беру жүйесінің жастарға берері мол дегім келеді. Бірнеше тіл білген жастар заман талабына сай бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптаса алады. Өмір үздіксіз талап пен талпыныстан, үйрену мен ізденуден, жаңару мен жаңғырудан тұрады. Сол себепті үздіксіз іздену, өзімізді жетілдіріп отыру, рухани жаңғыру біздің міндетіміз деп білемін. Біздің бойымызда асқақ рух мен жастық жалын және жастарын қолдайтын еліміз бар!

Майра МАНТЕНОВА,
№10 дарынды балаларға арналған облыстық
«Білім-инновация» лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі.
08 қазан 2018 ж. 1 018 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области