Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ «АҚЫЛДЫ ҚАЛАМЕН» БАЙЛАНЫСТЫРАМЫЗ

БОЛАШАҒЫМЫЗДЫ «АҚЫЛДЫ ҚАЛАМЕН» БАЙЛАНЫСТЫРАМЫЗ


    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында әрбір салаға қатысты нақты міндеттер мен тапсырмалар берді.  Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру әрбір Қазақстан азаматының міндеті деп білемін.
    Мен №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысымын. Біз ұстаздарымызбен бірге Жолдауды талдап, оқып шықтық.
    Жолдауда үштілді білім беруге кезең-кезеңмен көшу туралы айта келіп: «Біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде 3 тілді меңгеретін болады» деген тұжырым жасайды. Үштілділік мәселесі «Тілдердің үштұғырлылығы» тұжырымдамасынан бастау алып, соңғы жылдары Елбасының әрбір Жолдауында айтылып жүргені белгілі.
    Мен өзім 4 тілді меңгергенмін.  Лицейде жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқимын. Сол себепті ағылшын тілінде жазылған әлемдік деңгейдегі шығармаларды оқып, озық тәжірибені меңгеруге мүмкіндігім бар.
     Ұлтым-кәріс. Қазақ тілі пәні бойынша олимпиадаға қатысамын, яғни мемлекеттік тілді де жақсы білемін. Бірнеше тіл білген адам кез келген ортада өзін еркін сезіне алады, өз-өзіне сенімді болады. Сол себепті үштілділік саясатын толық қолдаймын.
    Елбасымыз «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, ІТ технологияны дамыту мәселесіне баса назар аударуда. ІТ технологиясы жастарды ерекше қызықтырады. Мен қазіргі таңда болашақ мамандығым ретінде  «Ақпараттық жүйелер» мамандығын таңдап отырмын. Жақында «HackDay» идеялар фестивалінде біздің команда   «Ақылды аялдама» жобасымен  І орын иеленді. Командада 4 қыз бірге жұмыс істедік. Біздің жобамыз ұйымдастырушылардың қызығушылығын туғызды.
    Жолдауда «Ақылды қала» туралы айтылады.  Қазір технология керемет дамуда. Технологиядағы жаңалықтарды меңгеріп, тиімді қолдануды мақсат ету керек деп ойлаймын.
    Елбасымыз Жолдауында: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін , сондай-ақ заманына лайық , шет тілдерін меңгерген , озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналады»,- дейді.  Елбасымыз Мәңгілік елдің жастарын осындай идеал тұлға ретінде көргісі келеді. Сол себепті үздіксіз іздену, өзімізді жетілдіріп отыру, рухани жаңғыру біздің міндетіміз деп білемін.
    Анастасия КОГАЙ,
    №10 дарынды балаларға арналған облыстық
    «Білім-инновация» лицейінің 11-сынып оқушысы.

15 қаңтар 2018 ж. 704 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области