Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОЛДАУДА МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ЖОЛДАУДА МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ


    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында  білім берудің барлық деңгейлеріне жаңа талаптар мен міндеттер жүктеді.
    Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған талаптарға сай келешек ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар қарастырылатыны белгілі. Өмір үздіксіз талап пен талпыныстан , үйрену мен ізденуден, жаңару мен жаңғырудан тұрады. Жолдаудың 7-міндеті «Адами капитал-жаңғыру негізі» деп аталып,  білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгеріске үнемі  бейім болу, білімді меңгеру қабілетін дамыту болуы қажеттігін айтады. Адами капиталды рухани жаңғырту мақсатында нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктейді.  
    Өркениетті елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік білім деңгейімен анықталмақ. Білімі мен ғылымы жан-жақты дамыған мемлекет әлемдік бәсекеде есесін ешкімге жібермейді.Сол себепті Елбасымыз  білім саласын ерекше назарда ұстап, оны мемлекеттің даму саясатының өзегі деп біледі. Осылайша отандық білім берудің алдына жоғары талап қойып отыр.
    Жолдауда бүгінгі қоғамның өзекті мәселеcі - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, халықаралық стандарттарға сай келетін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу екендігі баса айтылады.
    Заман талабына сай бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу міндеті жүктелген мұғалімдердің еңбегі де назардан тыс қалмай, тиісінше бағаланатын болып отыр.  Жолдауда мұғалімдердің  мәртебесін арттыру, олардың еңбек ақысын кәсіби біліктілігіне қарай төлеу туралы нақты тапсырмалар берді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жұмыс істеп жатқан мұғалімдердің лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейтуді тапсырды. Сонымен қатар категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдердің біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді міндеттеді.
    Жолдаудағы мұғалім мәртебесін арттыру мәселелері  қызу талқыланып, қолдау тауып отыр.  Алдағы уақытта әрбір мұғалім өзін кәсіби жетілдіруге талаптанып, ынталанып отыратын болады. Мұғалім кәсіби жетілсе, оқушы да жетіледі деген сөз.  
    Ләззат МИКЕЕВА,
     №10 дарынды балаларға арналған облыстық
    «Білім-инновация» лицей-интернаты
    директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

11 қаңтар 2018 ж. 1 104 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области