Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТАРИХИ ШЫҢНЫҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА ТҰРҒАН ҰЛТ

ТАРИХИ ШЫҢНЫҢ ТАБАЛДЫРЫҒЫНДА ТҰРҒАН ҰЛТ


    Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауларын  жүзеге асыру шараларына белсене атсалысады. Кеше  Мемлекет басшысының маңызды мәлімдемесін көру үшін азаматтық қорғау қызметкерлері департаменттің мәжіліс залына  жиналды. Ұжым Президенттің елдің дамуы үшін қандай бағыттарды нақтылағандығын білді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде 10 негізгі тапсырманы мемлекеттің жүзеге асыруы қажеттігі туралы айтты.  Олардың ішіндегі басым бағытының бірі - сыбайлас жемқорлықпен күрес болды.
    Соңында әріптестер Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы туралы өз ойларын ортаға салды. Жолдаудың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктердің дамуы» атты жетінші тапсырмасында ұлт көшбасшысы білім беру мен медицинаның бағытын нақты белгіледі. Сонымен бірге бұл Жолдауда Президент бірыңғай электрондық еңбек биржасы, еңбек кітапшаларына электрондық пішімдеу енгізудің қажеттігін атап өтті, өйткені зейнетақы жүйесі еңбек өтіліне байланысты болады, -деді. Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында: «Кім ұзақ жұмыс істейді, сол еңбегіне сай мол зейнетақы алатын болады. Осыған байланысты барлық қазақстандықтар өздерінің еңбек қызметіне жауапкершілікпен қарауы тиіс», - деп атап өтілді.
    Н.Ә.Назарбаев төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында тарихи шыңның табалдырығында тұрған ұлт ретінде жұдырықтай жұмылып қызмет етуге шақырды.
    Қызылорда облысы
    Төтенше жағдайлар департаменті


10 қаңтар 2018 ж. 643 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области