Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫРДАРИЯНЫҢ «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» – БӨЛЕГЕН РАҚМЕТ

СЫРДАРИЯНЫҢ «ЖЫЛ ТҰЛҒАСЫ» – БӨЛЕГЕН РАҚМЕТ


Елге қызмет етіп, жасаған ісімен айналасындағыларға пайда тигізіп жүрген жандар ел алдына шығып, марапат төрінен орын алып жатыр. Жомарт жандардың халыққа кеңінен танылуына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы септігін тигізуде. Бағдарлама аясында ұйымдастырылған республикалық «Жомарт жүрек» байқауы бойынша Сырдария ауданынан «Құндызды май» шаруа қожалығының төрағасы Бөлеген Рақмет те марапатталған болатын. Ол байқау қорытындысы бойынша «Жыл тұлғасы» номинациясына ие болды.
Сырдария ауданына қарасты Сәкен Сейфуллин ауылында дүниеге келген Бөлеген Рақмет алғашқыда зоотехник мамандығын тәмамдайды. Мұнан соң Отан алдындағы борышын өтеп, кейін қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша жоғарғы білім алады.
Алған мамандықтары бойынша аз уақыт жұмыс жасағанымен, көп кешікпей кәсіпкерлік саласына бет бұрған. 2013 жылдан бері «Құндызды май» шаруа қожалығының төрағасы болып қызмет атқарып келеді.
Бөлеген Рақмет бірнеше жылдан бері ауылда әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға қолқабыс жасап жүр. Ол ауылдастарына көмек көрсеткен алғашқы жылы тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік жеткізіп берсе, онан кейінгі «Мектепке жол» акциясына атсалысқан. Сондай-ақ «Міркемел Кәлпе» мешітіне жылу қазандығын салуға, мешіттің асханасын салуға қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар үстіміздегі жылы аналар мерекесіне орай ауылдың ақжаулықты аналарына сый-құрмет көрсетіп, мектеп пен балабақшалардың қоштасу кештеріне қаржылай қолдау жасаған. Кәсіпкер аталған бұл көмектерді жыл сайын ұйымдастыруды өз әдетіне айналдырған. Оның игілікті ісіне ауылдастары да дән риза.
Атқарған игі істерінің нәтижесінде Бөлеген Рақмет ауыл, аудан және облыс әкімдерінің «Алғыс хаттарымен» бірнеше рет марапатталған.
30 қазан 2018 ж. 548 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области