Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Достықтың бастауы – «тамырлықтан»

Достықтың бастауы – «тамырлықтан»

Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының қай-қайсысы болмасын келер ұрпаққа өнегелі іс көрсетіп, тәлім-тәрбие берері анық. Дегенмен, астарлы ойы бар ғұрыптардың дені ұмыт болғаны жасырын емес. Солардың қатарында достасып-бауырласу немесе тамыр болу әдет-ғұрпы да бар.

Бұл рәсім куәлардың көзінше салтанатты жағдайда өткізіліп, нығайтыла түседі. Рәсім кезінде екі дос қылыштың не қанжардың жүзін сүйіп, мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант береді. Олар бір-біріне мәңгі достықтың белгісі болсын деп қымбат бағалы бұйымдар ұсынатын болған. Дос-жаран, тамырдың үйінде қашан болса да қонуға болатын, ал үй иесі оған қолдау көрсетіп, қамқорлық жасайды.
Өткен ғасырда қазақ еліне Ресей қазақтары мен орыс шаруаларының келуіне орай, мал өсіретін көшпелі қазақтар мен егін салатын отырықшы орыстардың арасында достасып, тамыр болу әдет-ғұрпы кеңінен таралды. Іс жүзінде әр қазақтың орыс шаруалары мен шекара шебіндегі әскери қазақтардың арасында өзінің тамыр-досы болды.
Мұның өзі халықтар арасындағы достықтың кеңінен қанат жаюына игі ықпалын тигізді. Әдетте олар бірінің тілін бірі үйренді, бірінің мәдениетін бірі құрметтеді. Бұл әдет-ғұрыптың ең мықты түрі дос-тамыр болу еді. Олар бір-бірінен өздеріне ұнаған нәрсесінің бәрін де қалап ала беретін.
13 қараша 2018 ж. 869 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области